Оқу пәні - білімдік мақсатқа жету жолында дидактикалық тұрғыдан жан-жақты сұрыпталған белгілі саладағы ғылымның негізі
Бастауыш білім мазмұны білім беру салалары:
«Тіл және әдебиет»
«Математика және информатика»
«Жаратылыстану»
«Адам және қоғам»
«Технология және өнер»
«Дене шынықтыру» бойынша беріледі.
"Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны
"Сауат ашу", "Қазақ тілі" қазақ тілінде оқытатын сыныптарда, "Русский язык" орыс тілінде оқытатын сыныптарда, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Қазақ тілі", оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Русский язык", "Әдебиеттік оқу", "Шетел тілі"; "Әліппе", "Ана тілі" оқу пәндерінің аясында жүзеге асырылады. Тіл және әдебиет" білім беру саласындағы пәндердің мазмұнында Қазақстанның ұлт мәдениеттерінің бірлігі мен әртүрлілігі, ұлттық сана-сезімнің негізі ретінде мемлекеттік тіл туралы түсініктерін қалыптастыруға, сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған коммуникативтік тәсілді қолдану көзделеді.
"Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Цифрлық сауаттылық" оқу пәндерінде іске асырылады
білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға;
ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге;
есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға;