"Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану" оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын "Биология", "Физика", "География", "Химия" оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды. Пәннің мазмұны "қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай" принципі бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылыстары мен процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну, қоршаған ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін саналы аңғару білім алушылардың ой-өрісін кеңейтеді.
Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны "Дүниетану", "Өзін-өзі тану" оқу пәндерінде іске асырылады.
Осы саладағы пәндердің мазмұны "Адам–Қоғам" жүйесі шеңберінде кіріспе білімді қамтамасыз етуге бағытталған. қоғамдық қатынастардың өткені мен бүгінін
адамдардың отбасындағы, қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын танып-білуге;
өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғуға;
қазақстандық қоғамның құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге;
әр білім алушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетінің көзін ашуына;
басқа адамдардың сезімдерін түсінуге және бірге бөлісуге, адам мен қоршаған ортаға деген ізгілік қатынасын тәрбиелеуге бағытталған.
"Музыка", "Көркем еңбек" оқу пәндері арқылы беріледі
қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыруға, оны визуалды өнер мен музыка құралдары арқылы тануға;
бейнелеу өнерінің, қолөнер мен музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді дамытуға,
қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнеріне, музыкалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі басқа халықтардың өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге;
өнердің алуан түріне адам өмірінің көрінісі ретінде адамгершілік-эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуге, бастауыш мектеп білім алушыларының көркем және музыкалық-шығармашылық дамуына бағытталған.
"Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде
физикалық қасиеттерді, жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға;
салауатты өмір салты мәдениетін дарытуға;
дене шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруға,
спорт, қазақтың ұлттық спорт түрлері туралы ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің денсаулығын нығайту үшін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға;
оқу, ойын және жарыс қызметі жағдайында құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Оқулықта тиісті ғылымның мазмұны туралы жүйелі де жан-жақты ақпараттық мағлұмат беріледі. Оқулық тек ақпараттық мағлұмат берумен ғана тынбайды, оқу құралы болғандықтан мұнда тиісті деңгейде мәтін, сурет те, кестелік сызбалар да, фотографиялық көріністер де келтіріледі.