Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К



бет16/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Менайдарова Айана. Реферат

Сабақтан кешіккен Уәли
Уәли күндегісінше үйінен шығып, мектепке келсе, сабақ басталып кетіпті. «Сабақ ерте басталатын болғаны ма? Мен қалайша білмей қалдым?» - деп ойлаған Уәли сыныптың алдына келіп, сәл қипалақтап тұрды да, жүрексіне есікті қақты.
- Кір! – деген Рәзия апайдың даусы қатқыл шыққандай көрінді. Есікті баяу ашып, ішке кірді.
- Неге кешіктің?-деп сұрады Рәзия апай.
- Үйдегі сағат жеті жарымды көрсетіп тұр. Күнде сол мезгілде үйден шығатынмын. Сабақтан бір рет те қалған емеспін.
- Отыра ғой. Сағаттың тілі уақытты дұрыс көрсетпеген болар, - деді апай.
Уәли бүгін сабақтан тағы қалып қойды. Бұл жолы кешіккен себебін қалай айтарын білмей сасып келеді. Өткендегідей есікті баяу ашып, ішке кірді. Басын жоғары көтеріп қарауға қаймығып, екі иығы салбырап, босағада үнсіз тұрды.
- Ана жолы кешіккеніңді сағаттан көрдің. Ал бүгінгі кешіккеніңді кімнен көресің?
- Біздің үйде бала мысық бар... – деді ол басын көтерместен жыламсырап.
- Немене, таң атпай мысықпен ойнадың ба?
- Жоқ апай, бәтеңкемнің бір сыңарын мысық шкафтың астына апарып тастапты. Әрең тауып алдым, - деді көзінің жасы мөлтілдеп.
- Орныңа отыр. Тақтадағы берілген тапсырманы орында.
Уәли сабақтан шыққан соң: «Бұдан былай сабақтан қалып, жұртқа күлкі болмаспын. Жатар алдында қажет жабдықтарымды дайындап қоярмын-ау! – деп, өзіне-өзі серт беріп келе жатты.
Ол ойлағанын орындады. Жатар алдында киім кешегін, сөмкесін дайындап қойды. Көкесіне сағаттың дұрыс жүретінін тексертті.
Уәли ерте оянды. Жуынып, киініп, тамақтанды. Ұйықтап жатқан көкесі мен апасына мысқылдай қарап: «Жұмыс деген бұлардың ойларында жоқ», - деп үйден шықты.
Уәли көңілді келе жатты. Есігінің алдында тұрған Әлкен қартқа:
- Ассалаумағалейкүм! – деп сәлем берді.
- Уағалейкүмассалам! Бақытты бол, балам! Қайда асығып барасың?
- Мектепке.
- Балам-ау, бүгін демалыс қой.
Уәли сасып қалды. Ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.
- Рақмет, ата! – деп үйіне қарай томпаңдап жүгіре жөнелді. Үйдегілер ұйықтап жатыр екен. Ол үн-түнсіз шешініп, төсегіне жата қалды. Бірақ Уәлидің ұйқысы келмей, өзінен-өзі ұялып, дөңбекши берді.
Айса Хамзеұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет