Реферат тақырыбы: Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс Орындаған: Менайдарова А. М. Жетекші: Сагалиева Ж. К


КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі



бет2/21
Дата25.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#86589
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде білім беру жүйесінің басымдығы, оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған. Ал ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан – 2050» бағдарламасында балалардың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет туралы мәселесін көтерген.
Қазақстан Республикасы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты бірқатар кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау екендігі атап көрсетілген. Стандартта – бастауыш сынып оқушылардың білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу, сын тұрғысынан ойлау, топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары. Осы дағдыларды бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жасалғанда қалыптастырады, дамытады.
Мәтінмен жұмыс жасау мәселесіне елеулі үлес қосқан ғалымдар мен әдіскерлер бар. Олар: С.Рахметова, Г.Тұрдалиева, С.Сейтенова, Ә.Жұмабаева, Г.Уайсова, Г.Дюсембинова Т.Әбдікәрімова, Р.Жолдашқызы, Қ.Бітібаева, Г.Бейсенбекова, К.Сығаева және т.б.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен педагогикалық-әдістемелік еңбектерді, бастауыш сыныптағы қазақ тілі оқулығын талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтар анықталды:
- бастауыш сыныпта жүргізілетін мәтінмен жұмыс туралы ғылыми-теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі арасында;
- сабақ барысында мәтінмен жүргізілетін жұмысқа уақыттың жеткіліксіздігі арасында;
- оқушылардың мәтінмен жұмыс кезіндегі мүмкіндіктер (оқушылардың деңгейіне байланыстылығы) мен ұйымдастыру кезеңі арасында.
Білім берудің жаңартылған бағдарламасына қарап, бастауыш сыныпта жүргізілетін мәтінмен жұмыстарды жаңа әдістер арқылы жүргізу керек деген ойға келіп, сол мәселе бойынша зерттеулер жүргізгеннен кейін тақырыпты: «Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс» деп таңдауыма себеп болды.
Зерттеудің мақсатыбастауыш мектептегі мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың функционалдық, орфографиялық сауаттылыған қалыптастыру мен дамытуды теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негіздеп, мәтінмен жұмыстың жаңа әдістерін ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:

  1. Тақырыпқа сай әдебиеттерді іріктеу;

  2. Мәтін ұғымының мәнін ашу;

  3. Бастауыш сыныптағы мәтінмен жұмыс жасаудың жағдайларын диагностикалау;

  4. Мәтінмен жұмыс жүргізудің әдістемесін жинақтау;

  5. Мәтінмен жұмыс жүргізу әдістемесін ұсыну.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныптағы қазақ тілі пәніңде мәтінмен жұмыс процесі.
Зерттеу әдістер: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде педагогикалық-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және нормативтік құжаттарды талдау әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған әдістерді бастауыш сынып оқушылардың байланыстыра сөйлеуі мен функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесінде қолдануға болатындығымен анықталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет