Мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпаған жөн. Оның тәрбиелік мәнін ашады. Әңгіменің ішіндегі түсінбеген сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқыған мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады. Мәтінге жоспар құрады, сұрақтарамен жұмыс жасайды, әңгіменің мазмұнын оқушыларды түгел қатыстыра отырып баяндатады.
Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Кіріспе.
2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы және оқып беруі.
3. Сөздікпен жұмысы.
4. Сұрақтар арқылы не түсінгенін, қалай түсінгенін байқау.
5. Бөлімдер бойынша оқушыларға дауыстап оқыту.
6. Іштей оқу.
7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы, рольге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.
8. Түсінгендері бойынша ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сай сурет салу, мақал-мәтелдер айту.
9. Осы әңгімеге ұқсас идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгіме не өлең, т.б. айту.
Осындай жұмыс түрлері бойына өз жүйесін тауып жүргенде ғана бала оқу материалын толық түсініп, өз бойына рухани азық алады.
Мәтінді оқытудың негізгі мақсаты – түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді әңгімелегенде сөйлемдердің мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу. Дауысты, дауыссыз дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатының түсіндіру [2, 91].
Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуын түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дауындау.
2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3. Шығарманы оқу.
4. Әңгіменің жоспарын жасау.
5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
6. Шығарманың мазмұныны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар [2, 56].
С. Рахметова
Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
1. Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету.
2. Заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.
3. Синоним сөздер қолдану: «Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстарып отыру.
4. Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген де пайдалы. Мысалы, тетелестері сөзінің түбірі қайсы? т.б.
5. Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі: аэродром – самолет ұшып, қонатын алаң, т.б.
6. Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар келтіру, фактілер келтіру, әңгіме айту. Мысалы, батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік, т.с.с.
7. Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану. Бірақ мұнда диафильмдерді бастан аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек [5, 63].
С.Сейтенова
Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды.
Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады [6, 199].
Диалог – ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әртүрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілетін диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Выгодскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілетін диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Сынаптағы диалогтік әңгіме барысыда идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс болып саналады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгіменің үш түрі бар:
1. Әңгіме-дебат барысында:
- ой-пікірлерде алшақты болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
- орта бірлесуден гөрі, көбінесе бәсекелестікке бағытталған.
2. Кумулятивтік әңгіме барысында байқалады:
- айтылған пікірлнрмен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;
- идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.
3. Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
- әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
- қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
- айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгіме дәлелдеме «көрінеді».
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беру қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдылыққа ие болады [6, 209].
Ә.Жұмабаева, Г.Уайсова
Бастауыш сыныптар үшін берілетін мәтінге тән белгілер:
- мәтіндегі берілетін (ауызекі, жазбаша) ой, пікір, мазмұн белгілі бір тақырыпқа негізделеді, яғни белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіреді;
- мәтінде барлық уақытта негізгі ой болады;
- мәтінді құрылымдық бөліктерге бөлуге болады;
- мәтіннің құрылымдық-мазмұндық бөлімдері және ондағы сөйлемдер бір-бірімен жүйелі түрде байланысады.
Мәтіннің мұндай белгілері оқушылар ұғуға тиіс мына мәселелер: мәтін деген не, ол қалай түзіледі, қандай заңдылыққа сүйенеді, мәтінді қалай жүйелі түрде байланыстыруға болады, мәтіннің түрлері қандай, олардың бір-бірінен басты айырмашылығы неде, олар қалай құрылады және т.б. жайттарды түгел қамтиды, әрі өз жанынан мәтін құрауға дағдыландыруды мақсат етеді.
Мәтін туралы түсінігің беруде мәтіннің дыбыстан, фонемадан, сөзден, лексемадан, морфемадан, сөйлемнен (жай сөйлем, құрмалас сөйлем), абзацтан дербес түрде келетін ерекшеліктері бар екендігі, сондықтан да мәтінді жеке тану керек екендігі насқты мысалдармен, талдаудың көптеген түрлерімен ұғындырылады. Мәтіннің өзіндік белгілерін жекелеген фактілер арқылы түсіндіріп, сол жеке белгілердің барлығы бірігіп келіп, біртұтас мағынаны – «мәтін» табиғатын санасында орнақтыратындай күйде оқытылуы керек. Бұл үшін бастауыш сынып мұғалімдерінің мәтінге тән қасиеттер туралы мәліметі болуы керек. Ол үшін мәтіннің тақырыптақ-мазмұндық бірлігі мәселесіне тоқталып, бірінші кезекте «тақырып» ұғымының мәнін ашып алған жөн [7, 120].
Г.Дюсембинова
Мәтінмен жұмыс кезіңдегі дайындақ жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
- оқушының өзіне әңгімен айтқызу;
- мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
- ұжымдық түрде әңгіме айту. Әңгіменің басында оқушыларға қосымша материал беру немесе бұрын өткен материалды қайталау тиімімді;
- суреттерді қарау;
- сұрақтар қою.
Мәтінді түсініп оқу үшін істелетін жұмыстар:
1. Оқылатын мәтінге дайындық ретінде алдын-ала экскурсияға шығару, әртүрлі тәжірибе жасату;
2. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтай қосымша сабақтан тыс оқу материалдарымен беру;
3. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптық суреттер іздеті [8, 39].
Қорыта келе, бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс, мәтінді қабылдау мен түсінуге көмектесетін жұмыс түрлері туралы С.Рахметова, Г.Тұрдалиева, С.Сейтенова, Ә.Жұмабаева, Г.Уайсова, Г.Дюсембинова әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылған. Аталған әдіскерлердің еңбектерін оқи отырып, біз балалардың мәтінмен жұмыс жасаған кезде оны түсінуге, оны әртүрлі оқу және өмірлік жағдайларда қолдана білуді меңгеретініне көз жеткіземіз. Сонымен қатар бастауыш сыныптың оқулықтарын қарастыра отырып, біз мәтіндердің шағын көлемді мен тәрбиелік сипатта берілетінің көреміз.