3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 1-бөлімінің «Жанды табиғат» тарауындағы 1 сабағының («Тіл және сөйлеу» тақырыбындағы) 3 жаттығуы. Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жаз.
Хайуанаттар әртүрлі үн шығарып, белгі береді. Үн арқылы олар бір-біріне жақындап қалған қауып-қатер туралы хабарлайды. Мол азыққа кенелгенін жеткізеді.
Сөйлеу тек адамдарға ғана тән. Жас сәби сөйлеуді үлкендерден үйренеді.
Соңғы екі сөйлемге сұрақ қой. Жауап беріп көр.
Сұрақтарға жауап беруде сөйлеудің қай түрін қолдандың [9, 6]?
Осы жаттығуда оқушы оқылған мәтін бойынша сұрақ қоюды дағдыланады, сұрақтың ауызша және жазбаша түрлерін ажыратады. Берілген жаттығу келесі мақсаттарды жүзеге асырады: тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну; мәтіндегі негізгі ойды ашуға жетелейтін сұрақтар қою және өз тәжірибесімен байланыстыра отырып сұраққа маңызды жауап беру.
2
3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 1-бөлімінің «Жанды табиғат» тарауындағы 2 сабағының («Тіл және сөйлеу» тақырыбындағы) 7 жаттығуы. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
Самат ауылдағы атасы мен әжесін қатты сағынды. Сол сағынышын тілді жеткенше айтып хат жазбақ болды. Кешкі тамағын ішіп болған соң, біраз уақыт теледидар көрді де, өз бөлмесіне кірді. Торкөз дәптерден екі парақ жыртып алды. Ақ қағаздың басына «Сәлем хат» деп жазып қойды да, әрі қарай өз ойын, жай күйін әңгімеледі.
Халдеріңіз қалай, ата, әже? Ауырмай-сырқамай жүрсіздер ме? Көкем жұмысын істеп жатыр ма? Біз де аман-саумыз... Өтепберген Ақыпбекұлы [9, 8]
Хатты әрі қарай жалғастырып жаз.
Осы жаттығуда оқушы мәтінді мәнерлеп оқуға дағдыланады, хат жазуды
үйренеді. Берілген жаттығу келесі мақсаттарды жүзеге асырады: тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну; оқу түрлерін (көз жүгірту, шолу жасау, түртіп алу, т.б.) қолдана отырып, мәтінді қатесіз, шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқу; орфографиялық нормаларды сақтау; грамматикалық нормаларды сақтау; пунктуациялық нормаларды сақтау; каллиграфиялық нормаларды сақтап көркем жазу.
3
3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 1-бөлімінің «Жанды табиғат» тарауындағы 3 сабағының («Жанды табиғат туралы не білетінімді еске түсіремін. Мәтін» тақырыбындағы) 12 жаттығуы. Мәтінді тыңда.
Глобус Үшінші «А» сыныбында бір Глобус жылап тұр екен.
– Сұмдық-ай!.. – деді мұғалім шошып. – Кім сені осыншама жәбірлеген?
– Шаншаров, - деді де, Глобус қыстыға жылап жіберді. – Ол кеше сабақтың соңында бокс көрсетемін деп мақтанып, менің басымнан төмпештеді.
– Әй, Шаншаров-ай... – деп кейіді мұғалім. – Глобуста нең бар еді? Қазір бүкіл дүниежүзі бейбітшілік үшін, Жер-Ананың жүрегіне жара салмау үшін күресіп жатқанын білмегенің бе?
Мәтін кейіпкерлерін сипаттап жаз.
Мәтіннен тірек сөздерді тап.
Қарамен жазылған сөйлем туралы өз пікіріңді айт [9, 11].
Осы жаттығуда оқушы тыңдалым дағдысын дамытады, кейіпкерлерді сипаттауға, тірек сөздерді табуға, өз пікірің еркін білдіруге дағдыланады. Берілген жаттығу келесі мақсаттарды жүзеге асырады: тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну; тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу.
4
3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 1-бөлімінің «Жанды табиғат» тарауындағы 4 сабағының («Жанды табиғат туралы не білетінімді еске түсіремін. Мәтін» тақырыбындағы) 17 жаттығуы. Орны ауысып кеткен ертегі бөліктерін қалпына келтір.
Қоян Су бойында жайылып жатқан қойлар қастарынан зымырап өте шыққан қояннан үркіп, тас-талқан болып қашады...
Сонда қоян ойланып:
– Менен де қорқатын хайуанаттар бар екен-ау, - деп көңілі орнына түседі. Кетпей, қайтадан ініне оралады...
Қоян күндегі әдеті бойынша ініне қашып кіреді. Әркім қуа бергеніне қорланып, ол қатты ыза болады.
– Мен көрінген нәрседен сескенем. Бүйтіп әркімнен бір қорқып жүргенше тезірек аулаққа кетіп қалайын деп тұра кеп жөнеледі...
Ертегідегі негізгі ойға сәйкес келетін мақалды тауып жаз.
Сақтықта қорлық жоқ.
Қорыққанға қос көрінер.
Жақсы сөз – жарым ырыс [9, 14].
құрылымдық бөліктерін анықтау.
Осы жаттығуда оқушы деформацияланған мәтінді қалпына келтіруді, мәтінге сәйкес мақалды табуды дағдыландырады. Берілген жаттығу келесі мақсаттарды жүзеге асырады: тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну; берілген көркем/бейкөркем мәтіннің, т.б. негізгі тұстары арқылы
5
3 сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығаның 1-бөлімінің «Жанды табиғат» тарауындағы 5 сабағының («Жанды табиғат туралы не білетінімді еске түсіремін. Мәтін» тақырыбындағы) 20 жаттығуы. Мәтіндерді оқып, өзара салыстыр.
Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ-тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауылда тұрады. Қауіп төнгенде пысқырып дыбыс шығарады.
Ақбөкен қойға ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен. Тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау. Көздері мөр-мөлдір [9, 16].
Мәтін түрін анықта. Қайсысы әңгімелеу мәтіні, қайсысы сипаттау мәтіні екенін дәлелде.
Осы жаттығуда оқушылар мәтіннің түрлерін ажыратуға дағдыланады. Берілген жаттығу келесі мақсаттарды жүзеге асырады: іштей оқу арқылы мәтін мазмұнын түсіну және тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; әңгімелеу, сипаттау (затты нақты сипаттау, көркемдік сипаттау, салыстырмалы сипаттау), пайымдау мәтіндерінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтау, салыстыру; әңгімелеу, сипаттау және пайымдау мәтіндерінің құрылымын салыстыру.
Демек, 3 сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында мәтінмен жұмысқа арналған әртүрлі жаттығулар берілген.
Мәтінмен жұмыс жасауды дағдыландыруға арналған келесі жаттығуларды да көмектеседі: