Реферат Тақырыбы: Білім, ғылым, техника және технологиялар Орындаған: тфп-221 тобының студенті



бет3/4
Дата15.10.2023
өлшемі27,07 Kb.
#115285
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат Тақырыбы Білім, ғылым, техника және технологиялар Орынд-emirsaba.org

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы, саяси қайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.
Философияны Бэкон:

  1. Құдай;

  2. табиғат;

  3. адам туралы ғылым деп тұжырымдады.


Философияның аталған 3 саласын адам түрлі жолдармен, құралдармен таниды:


  1. табиғатты – тікелей сезімдік қабылдау мен тәжірибе арқылы;


  2. Құдайды – табиғат арқылы;


  3. өзін - рефлекция арқылы (ойдың өз-өзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі).


Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді:


  1. философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды;


  2. гносеология (таным туралы ілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралы ілім) деңгейіне жетті, және кез-келген философиялық жүйенің басты екі бөлімінің біріне айналды;


  3. философияның жаңа мақсаты анықталды – адамға оның өз әрекетінде практикалық нәтижелерге жетуіне көмектесу (осылайша Батыс философиясы жанама түрде болса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізін қалады);


  4. ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;


  5. Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді.




Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт (фр. Isidore Marie Auguste François Xavier Comte; 19 қаңтар 1798 — 5 қыркүйек 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.

Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.).

Екінші кезең - «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады. Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет