Қорытынды Қорытындылай келе,биологиялық белсенді заттар дегеніміз— организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар. Бұл заттарға ферменттер, гормондар, дәрумендер және т.б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық реакцияларды ыдыратуды тездетеді. Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар. Дәрумендер — организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша, адамның денсаулық жағдайы 12 пайыз мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі деңгейіне, 18 пайыз тұқымқуалаушылық факторларға, 20 пайыз өмір сүру салтына, 50 пайыз тамақтануға байланысты болады екен.Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керектігі ғылыми дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қ.Х. Әлмағамбетов, Қ.М. Мұхаметжанов, К.О. Махамбетов, М.Ө. Досмағамбетов. «Биотехнология»,Астана-2011.
2. Т.С:Сейтембетов, Б.И:Төлеуов.,Биологиялық химия. Қарағанды.2007
3. С.М.Плешкова.,К.К.Өмірзақова, С.А.Абитаева. Заттар алмасуы және оның реттелуі. Алматы,.2006
4. З.С.Сеитов.Биохимия., Алматы,2007
5. У. Сайпіл. , С. М. Плешкова, С. А. Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. Алматы 2001