Реферат Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата18.11.2022
өлшемі374,09 Kb.
#51114
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
2. Матрицалық – мембранадағы ақуыздардың орналасуын, олардың 
бағытын және өзара ұтымды әсерлесуін қамтамасыз етеді.  
3. Механикалық – жасушалар және жасуша ішіндегі құрылымдар берік 
болып өзін-өзі басқарады.  
Биологиялық мембраналар қосымша тағы да мынадай қызметтер 
атқарады:
-энергетикалық – митохондрийдің ішкі мембраналарында АТФ-ті 
синтездеу және хлоропласт мембранасында фотосинтездеу
- биопотенциалдарды өндіру және оларды тарату
- рецепторлық(механикалық, акустикалық, иіс сезу, көру, химиялық, жылу 
рецепциясы) және т.б. қызметтер.


 
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
2.1 Биологиялық мембраналардың құрылысы 
Биологиялық мембрана құрылысының алғашқы моделін 1902 жылы 
Отвертон деген ғалым ұсынды. Ол мембрана арқылы липидтерге жақсы 
еритін заттар тез өтетінін байқаған. Осыны басты негізге ала отырып 
мембраналар фосфолипидтердің жұқа қабатынан тұрады деген идеяны 
ұсынған. Полярлық және полярлық емес орталардың шекара беттерінде 
фосфолипидтер бірмолекулалық қабат құрайды. Осы бетте 
фосфолипидтердің полярлық бастары суда болса, полярлық емес ұштары 
ауада немесе майда болады. Мембрананың қасиеттерін және құрылысын 
зерттеуде эритроциттердің қабы кең қолданылады. Эритроциттердің қабын 
оларды гипотониялық ерітіндіде гемолиздеу арқылы жеңіл алуға болады. 
1925 жылы Гортер мен Грендель эритроциттер мембранасынан алынған 
липидтердің бір қабатының ауданы эритроциттердің аудандарының 
қосындысынан екі есеге жуық үлкен болатынын дәлелдеген.
Гортер мен Грендель гемолизденген эритроциттерден липидтерді ацетонмен 
шығарып алып, оны судың бетінде буландырған. Одан кейін пайда болған 
липидтердің бірмолекулалық үлбісінің(пленка) ауданын өлшеген. Осынлай 
зерттеудің нәтижесінде мембранадағы липидтер 
қосмолекулалық(бимолекулалық) қабат құрайды деген қорытындыға келген.
Мембрананың электрлік параметрлерін зерттеген ғалымдар Коул мен Кертис 
1935 жылы мынадай қорытындыға келді: “ биологиялық мембраналардың 
кедергісі өте көп және электрсыйымдылығы да үлкен екен” . 
Даниэл мен Девсонның “бутерброд” моделі мембрананы үш қабатты деп 
қарастырады: сыртқы беттерінде ақуыз молекулалары, ішкі бетінде липидтер 
молекулалары орналасқан. Осы модель биофизика саласында 40 жылға жуық 
өмір сүрді.
1972 жылы Сингер мен Никольсон биологиялық мембрананың сұйықтық-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет