жарықпен жарықтағанда флюоресценттік сәуле шығарудың Р-поляризация
дәрежесімен де анықтауға болады.
Қалыпты жағдайда мембрана флюоресценттік жарық шығармайды.
Мембрананы флюоресценттік әдіспен зерттеу үшін мембранаға
флюоресценттік жарық шығаратын молекулалар немесе молекулалар тобын
кіргізу керек. Оларды флюоресценттік зондтар дейді. Оған жататындар
ДМХ-диметиламинохалкон; МБА-3 метоксибензантрон; АНС-1-анилин-
нафталин-сульфат және т.б.
Электрондық-парамагниттік резонанс. Магнит өрісіндегі атомға жиілігі v
электромагниттік толқын әсер етсін. Электромагниттік толқынның магнит
өрісінің әсерінен атом бір энергетикалық деңгейден екінші
энергетикалық
деңгейге өтеді. Осы құбылысты 1944 жылы
Е.К. Завойский ашқан және ол
электрондық-папамагниттік резонанс деп аталады. Атом бір энергетикалық
деңгейден екінші деңгейге тек қана белгілі
бір жиілікте ғана өтеді, олай
болса, бұл резонанстық сипат алады. Энергетикалық деңгейлерге өту
атомдардың магнит моментіне байланысты болады. Бұл құбылыс тек
папамагниттік заттарда ғана байқалады. Диамагнетиктерде атомдардың
магнит моменті нөлге тең, сондықтан резонанс құбылысы болмайды.
Ядролық-магниттік резонанс - деп тұрақты
магнит өрісіндегі
парамагниттік ядролардың электромагнитттік
толқын энергиясын жұтуы
кенет өтетін құбылысты айтады. Ядроға электромагниттік өрісімен әсер етіп,
оны бір энергетикалық деңгейден екінші энергетикалық деңгейге өткізуге
болады.
Флип-флоп – ол мембраналық фосфолипидтер молекулаларының
мембранаға көлденең диффузиясы. Мембрананың бір бетінен екінші бетіне
молекулалардың “секіріп” өтуі(флип-флоп) липид
мембраналарының
модельдерінде(липосомдарға) тәжірибе жүзінде анықталды. Липосомдарды
құрайтын фосфолипид молекулаларының бір тобына спиндік белгі қойылған.
Ол молекулалық топта жұпсыз электрондар бар . Липосомдарға аскорбин
қышқылымен әсер еткенде молекулалардағы жұпсыз
электрондар жоғалып
кеткен, парамагнитті молекулалар диамагнитті молекулаларға айналған.
Алдымен липосомның сыртқы бетінде орналасқан молекулалардың жұпсвз
электрондары “бейтараптанған”. Сондықтан
жұпсыз электрондар саны екі
есеге жуық азайған.
2.3
Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалдау
Заттардың жасушаға енуі немсе одан шығуы мембраналар арқылы жүзеге
асады және ол ағза өмір сүруінің негізгі қызметі болып табылады.
Мембраналар арқылы заттардың тасымалдануы
тірі ағзаларда негізгі
градиенттердің болуын қамтамасыз етеді.
Зат тасымалы
белсенді және
белсенді емес болып бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: