Екінші ретті белсенді тасымалдау түрлері
Унипорт жағдайында мембранада зарядталған бөлшектердің
потенциалдың шамасы аз жағына электр потенциалының градиентінің
болуынан бір бағытта тасымалданады
Симпорт механизмінде зарядталған иондардың бір жаққа тасымалы
жүріп отырады. Осыдан тасымал иондардың біреуі концентрация
градиентімен , ал екіншінің тасымалы бірінші ион тасымалы туғызған
электр потенциалымен жүзеге асады.
Антипорт үрдісінде бірдей зарядталған иондардың екі типінің әртүрлі
жаққа тасымалы жүзеге асады. Мысалы, нигерицин антибиотигі
протондарды концентрация градиентімен тасымалдайды , бұл электр
потенциалының градиентінің артуына әкеледі, ол өз кезегінде калий
иондарын тасымалдайды да, содан К+-дың концентрация градиенті
өседі.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Тіршілікті қамтамасыз етуде мембрананың ауданының рөлі аса зор Қалыпты
жағдайда барлық мембраналардың аудандарының қосындысы ондаған мың
шаршы метрге жетеді.
Көпшілік аурулар мембрана қызметінің қалыпты күйден патологиялық күйге
ауысуынан болады. Оған мысал ретінде канцерогенді, артериосклерозды,
вирустық және инфекциялық ауруларды, улануды, ультракүлгін сәулемен
күюді және т.б. айтуға болады. Емдеу жұмысы – мембрана жұмысын
қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі кезде жасушалар құрылымының қызметін қамтамасыз етуде
мембрананың маңызы аса зор екені дәлелденді. Мембрана цитоплазманы
түгел қоршап, оны қоршаған ортадан бөліп тұрады. Заттың жасушаға өтуі
немесе жасушадан шығуы мембрананың қасиетіне тығыз байланысты.
Сонымен қатар, сыртқы қабын құрайды. Ол оргонойдтар: ядролар,
митохондрий, лизосом, Гольджи аппараты және эндоплазматикалық
ретикулум.
Сұйықтар мен қатты денелердің басты айырмашылығы – оларды құрайтын
бөлшектердің қозғалысында. Қатты дененің де, сұйықтың да молекулалары
өздерінің тепе- теңдік күйінің маңында тербелмелі( кейде айналмалы)
қозғалыста болады. «Орнықтылық уақыты» деп аталатын вақыт өткенде
молекулалар өздерінің орындарын ауыстырады. Қатты денелер
молекулаларының «орнықтылық уақыты» сұйықтарға қарағанда аса көп.
Сондықтан қатты дене өзінің пішінін сақтайды, ал сұйықтар аққыш болады.
Биологиялық мембраналардың зақымдануы мембрананың сұйық күйден қою
күйге өту фазасына байланысты болуы мүмкін. Мембранадағы фазалық
ауысу ондағы өзгерістермен қатар жүреді. Биологиялық мембранада
холестериннің көп болуы мембрананың өзгерісін азайтады.
Биологиялық мембрананың өткізгіштік механизмі осындай ретпен жүреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бират Көшенов «Медициналық биофизика» оқулығы
2. Wikipedia «Биологиялық мембрана»
Достарыңызбен бөлісу: |