Реферат Тақырыбы: Биологиялық мембраналардың өткізгіштік механизмі



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата18.11.2022
өлшемі374,09 Kb.
#51114
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
биофизика реферат

мозаикалық моделін ұсынды. Бұл модель бойынша биологиялық 
мембрананың негізі-қос қабатты фосфолипидтің ішінде ақуыздар орналасқан. 
Ол ақуыздар алтынға батырылған асыл тас сияқты орналасқан. Ақуыздар 
сыртқы және интегралды болып екіге бөлінеді. Қалыпты физиологиялық 


жағдайда липидтер сұйық күйде болады. Осы қасиетті мембрананың ішіндегі 
ақуыздарды жүзіп жүрген фосфолипидтермен теңестіреді. Мозаикалық 
модельдердің осындай қасиеті химиялық анализде дәлелденген.
Биологиялық мембранада фосфолипидтермен қатар басқадай химиялық 
қосылыстар болады. Жануарлар мембранасында фосфолипид пен ақуызға 
қарағанда холестерин көп болады. Сонымен қатар мембранада 
гликолипидтер, гликопротеидтер де болады.
Ақуыздар кейде жасушаның ішкі құрылысында тұрып қалады, осындай 
құрылымға микрофиламенттер мен микротүтіктер жатады. Микротүтіктер-
диаметрі 300 нм- ерекше ақуыздан (тубулин) тұратын қуыс цилиндрлар. 
Олар жасушаның жұмысына елеулі әсер етуі мүмкін.
Биофизиканың негізгі мақсаты – мембрананың құрылымдық негізін, яғни , 
қос қабатты фосфолипидтік молекулаларды зерттеу. Жасуша 
мембранасындағы негізгі липидтердің бірі – лецитин. Лецитиннің 
фосфолипидтік молекуласының полярлық басы және ұзынша келген 
полярлық емес құйрығы бар.
Қазіргі уақытта кең тараған модельдердің бірі- липосомдар.
Липосомдар деп тұзды су бетіне құрғақ фосфолипидтерді шашу арқылы 
алынған фосфолипидтер көпіршігін (везикулдар) айтады. Осы фосфолипид 
көпіршіктері көп қабатты болады. Оған ультрадыбыспен әсер етіп, бір 
қабатты липосомдар алуға болады. 
2.2 Биологиялық мембраналарды зерттеу әдістері
Мембраналар қызметінің режимі липидтік қос қабаттың 
микротұтқырлығына, мембранадағы флсфолипидтер молекулаларының 
қозғалғыштығына және мембраналық липидтердің фазалық күйіне 
байланысты.
Қалыпты жағдайда ( температура, қысым және қоршаған ортаның химиялық 
күйі) биологиялық мембрананың липидтік фазасы сұйық күйде болады. Ол 
флюоресценттік анализ, электрондық- парамагниттік резонанс және ядролық-
магниттік резонанс әдістерімен зерттеу арқылы дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет