Реферат Тақырыбы: «Болмыс. Онтология және метафизика»



Дата02.12.2023
өлшемі29,28 Kb.
#131395
түріРеферат
Байланысты:
Реферат Та ырыбы «Болмыс. Онтология ж не метафизика»


Қазақ гуманитарлық инновациялық заң университеті


Реферат
Тақырыбы: «Болмыс. Онтология және метафизика»
Орындаған: Диф 001 С студенті : Сайлаубекова Аия

2021 ж
Мазмұны


Кіріспе 3


1 Онтология ұғымы 4

    1. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. 4

2 Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні мен ерекшелігі.. 5
2.1. Болмыс түрлері. 5
2.2. Болмыс философиясы 6
3 Субстанция ұғымы 9
3.1. Субстанция мәселесі 9
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе

Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.
Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.

1 Онтология ұғымы



    1. Онтология болмыс туралы ілім ретінде

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос – болмыс, логос – ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты.


Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді? Оның шығу тегі қалай? Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.
Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.
2 Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні мен ерекшелігі
2.1. Болмыс формалары.

Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді. Болмыстың өзі әртүрлі формаларға ие:


1. Заттардың, табиғат күйі процестерінің болмысы;
2. Адам болмысы;
3. Руханилық болмысы;
4. Әлеуметтік болмысы;
Заттар мен табиғи үрдістер болмысы ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс – бастапқы және Адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыда алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, Адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш – мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар – шектеулі, өткінші. Табиғат пен ғарыш әлемі субстанционалды. Барлығының негізі – материя. Материя атрибутивті: қозғалыс, даму, өзгеріс, мәңгілік, шексіздік, таусылмастық, объективтілік және т.б.
Материя диалектикалық-материалистік тұрғыдан алғанда, объективті нақты және түрі жағынан алғанда сапалық-сандық алуан түрлі, өзінің акциденциалдық-функционалдық көрінісінде таусылмайды. Ол жалпы универсум, онда танымдық-зерттеушілік тұрғыдан үш деңгейді айқындауға болады: мега әлем, макроәлем және микроәлем. Материяның күрделі құрылым екендігі айдан анық. Дамудың диалектикалық концепциясы – универсумды пайымдаудың мүмкін болатын бір ғана позициясын ұстанатын тек философиялық парадигма ғана, ал әр түрлі жаратылыстанымдық-ғылыми концепциялар әлемнің әр түрлі құрамдастары туралы біздің көзқарасымызды тек қана кеңейте алады, мұның бәрі әлемнің бірбеткей иерархиясы тұрғысындағы салыстырмалы түрдегі білім ғана.
Адам болмысы – болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психикалық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге – барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы – мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады.
Әлеуметтік болмыс, әлеуметтік философияның ұғымында мәдени-өркениеттік әрекеттің объективті-жалпы үрдісі ретінде, индивидтің өмір қамы үрдісі ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысының күрделі ұйымдасқан үрдісі және индивид санасының интеллектуалды адамгершілік бағдарындағы нақты формасы ретіндегі рухани болмысының стихиясы мен онтологиясы.

2.2. Болмыс философиясы


«Адам - Дүние» қатынасы болмыс құрамындағы іргелі қатынас ретінде. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тесілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі страгегиялары.


Болмыс адам болмысы хақында Адам болмысының заттар дүниесінен прннципті айырмашылығы. Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық" тәуелділік.
Адам өмір сүруінің дихотомиялары. Адам өмір сүруінің тарихи дихотомиясы. Адам өмір сүруінің экзистенциалдық дихотомиясы. Адамның шынайы емес, жемісті емес бағдарлануының формалары. «Ие болу» стратегиясының қалыптасуы адам болмысының бейшынайылығы ретінде. «Болу» стратегиясы. Адамның шынайы болмысы. Адамның жемістігі бағдарлануы. Адам болмысының бірегейлігі. Адам қазіргі кездің басты құндылығы және капиталы ретінде
Әлем – адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер мен құбылыстар жеке – жеке емес, бір – бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем – біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір – бірімен гравитация күшімен байланысқан.
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық «әлем деген не?» сұраққа жауап беруге болады.
«Болмыс» туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес.
Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.
Атомдардың бір – біріне тартылуынан немесе бір – бірінен ажырауынан әлемнің көптігі пайда болады. Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар. Платон өз ілімінде өзгермейтін, мәңгі, нағыз болмыс идея, ал өтпелі де өткінші болмыс зат әлемі деген ойды қорытты. Бұл идея әлемнің көлеңкесі, онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ, ол бір сағым сияқты, өтеді де кетеді.
Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта өркендеу, әсіресе Жаңа дәуірден бастап жаратылыстану – механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды.
Болмыс – жаратылыстану мен адамның практикалық іс – әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам әр уақытта табиғаттың жоғарғы күрделі жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді.
Пантеизм аясында табиғатта құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан.
Неміс классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс – деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты – табиғат деп қарастырған.
Маркстік философия болмыс ілімінде философиялық материализм мен жаратылыстану дәстүрін жалғастырады. Болмыс мәселесін зерттеуге жаратылыстанудың философиялық мәселелерімен айналысқан – Ф.Энгельс үлкен үлес қосты. Ол өзінің «Табиғат диалектикасы», «Дюрингке қарсы» еңбектерінде материя, оның қасиеттері мен түрлері туралы, еңбек ету нәтижесінде адамның қалыптасуы туралы едәуір жұмыс тындырды.
Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.
Қазақ халқының «сұм дүние», «опасыз дүние», «жалған дүние» деген байырғы ұғымдарында да болмыс туралы пікір қорытылған. Келтірілген түсініктерді жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады.
Ол шексіз көп материалдық пен рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.
Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе – болмыс, яғни ол заттар мен руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді.
Біріншіден, табиғат болмысы – оның күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз, мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар.
Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан – жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін немесе мәдениетті тудырды.
Мәдениет – адам іс - әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі.
Екіншіден, бұл тәні бар ерекше тірі жан – адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам - өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетенің «әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге бүкіл адамзат тарихы да өледі» дегенінің мәні осыда.
Үшіншіден, бұл – адамдардың рухани іс - әрекетінің өзара қарым – қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста.
Төртіншіден, бұл – руханилық әлемі. Руханилық - өзіндік ерекшілігі бар реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс - әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл – адамдардың практикалық іс - әрекетінде орын тепкен сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері – деп бағалаған бейсаналық та орын тепкен.
Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері бола отырып, бір – бірімен тығыз байланыста болады.
Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.

3 Субстанция ұғымы


3.1. Субстанция мәселесі

Өз кезегінде болмыстың бұл формаларының өз деңгейлері болады. Әлемді философиялық тұрғыдан түсінудегі басты мәселе субстанция ұғымы, субстанция мәселесі «алғашқы бастама» жөніндегі идеяны негіздеуге бастаған ұмтылыс ретінде пайда болды. Субстанцияны қалай түсінуге байланысты – мәнділіктің өзі ретінде (антиктік гректерде) немесе жоғарғы және абсолюттік негіз құдай ретінде (ортағасырларда), немесе трансценденталдық негіз (Канта – тәжірибе мүмкіндігінің шарты ретінде), немесе Абсолюттік рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде (Гегельде), немесе қоғамның экономикалық негізі ретінде (Марксте), немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі материалдық негізі ретінде (материалистерде), немесе билікке деген ерік ретінде (Ницшеде) және оны танудың әдістері мен тәсілдері мәселені баяндау мен мақсатты негіздеу ережелері ойлап табылып, жасалынды. Осы ұмтылысты жүзеге асыруда әр түрлі тәсілдер пайда болды, олар:


Монизм / материалистік немесе идеалистік/
Дуализм.
Плюрализм.
Монизм – бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім. Материалистік монизм идеясы бойынша, негізгі ұғым материя болып табылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында материя ретінде белгілі бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың ғылыми тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя ұғымы материяны философиялық тұрғыдан анықтауда көрініс беретін философиялық аспектіге ие.
Материя мәселесінің қойылуы сана мәселесін тудырады, нақ осы екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады. Материя, олардың болмыс түрлері: қозғалыс, кеңістік және уақыт бір-бірімен де тығыз байланысты.
Идеалистер барлық құбылыстардың бірден-бір бастамасын рух, идея деп санайды. Идеалистік монизмнің ең дәйекті бағыты Гегельдің философиясы болып табылады.
Дуализм – материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім. Дуализмнің түп төркіні – материализм мен идеализмді ымыраластыру. Дуалистік сананы материядан бөліп алу, идеализмге соқтырады. Әсіресе дуализм Декарт пен Кант философиясына тән.
Плюрализм – дүниенің бастамасы ретінде көп субстанцияларды мойындайтын философиялық ілім.

Қорытынды


Болмыс санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесініің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. «Болмыс» категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндеріақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдеріне негіз болды. Матриалистік философияда ол сезім түйсікпен қабылданатын материяны, материалдық объектілердің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдірдің. Ал идеалистік философияда болмыс идеяларының жалпы мәні, ұшы қиырсыз жиынтығы түрінде логикалық категориямен жалаң қызмет ретінде көрінеді, сүйтіп материализмде болмыста табиғат болмысы, ал идеализмде табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым. Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген мәселелердің, процестердің, адамдардың түпкілікткі, тиянақты болмысында қашан да санадан тәуелсіз өмір сүруін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші күйге, яғни болмыстың ескі формасынан жаңасына ауысуы. Сондықтан өзінің болмысында дүние материяның ғана емес, сондай ақ сананың жиынтық ақиқаты ретінде көрінеді: «сана ешқашанда танылған болмыстан басқа нәрсе болмақшы емес, ал адамдардың, болмысылардың тіршілігінің нақты процесі» Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының, принциптерінің, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оның ақыл ойы ұшы қиырсыз, тоқтаусыз дүниесінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігігінің алғышарты болып табылады. Бұдан: болмыс материалдық негіздің алғышарты болып табылады және материя мен болмыс ұғымдары толық үйлеседі деген кері түсінік тумауы керек. Бұл салыстырмалы үйлесім ғана, дүниенің субстанциясы болмыс емес, материя болып табылады: дүниенің бірлігі оның болмысында емес, оның материалдық негізінде; сананы болмыс емес материя оятады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Ж.т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998.

  2. http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/filosofija/bolmys_filosofijasy/7-1-0-76

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%BD%D1%82%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F

  4. http://malimetter.kz/filosofiyadagy-bolmys-maselesi/

  5. http://malimetter.kz/bolmys-filosofiyasy/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет