Реферат тақырыбы: Болмыс туралы көзқарастар


Онтология-болмыс туралы ілім



бет2/4
Дата23.10.2023
өлшемі92,88 Kb.
#120693
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
миртажиева болмыс

Онтология-болмыс туралы ілім
Онтология (грекше ontos-болмыс) болмыс ұстаным дарын, оның құрылымы мен зандылықтарын қарастыратын философияның бір саласы. Онтология терминін алғаш енгізген неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсік пен емес ақыл-парасат, абстракциялык рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын есептеді.
Парменид пен Зенон болмыс, бейболмыс жайында
Парменидтің ойынша, Дуние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар- ол: «бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе - жоқ, өмір сүрмейді». Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады - ол Болмыс. Болмыс туылған жоқ әрі жоғалмайды да. Өйткені, болмыс бейболмыстан пайда бола алмайды. Оның себебі бейболмыс - жоқ. Болмыстан ешнәрсе пайда болмайды, өйткені кені, ол өмір сүріп жатыр. Болмыстың уакыты мәнгілік, қазір, өйткені өткен шақ - ол жоқ, ал болашақты алатын - ол да әлі жоқ. Болмысты тұрақты және қозғалыссыз, өйткені қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға тең, ал ол - жоқ. "Мұндай тұжырымдарға мен ақыл-ой арқылы келдім, -дейді Парменид. Зенон Парменидтің тұжырымдарын қолдаған ойшыл болды. Ол дүниенің болмысын мойындаған, алайда кеңістікті жоқ деп санаған. Дүниедегі болмыстың табиғаты жылы мен суықтың, дымқыл мен құрғақтың қосындыларынан тұрады деген.
Болмыстың түрлері
Болмыстың философиядағы мынадай негізгі түрлері бар:
1. Заттар, процестер болмысы:
А) бірінші табиғат
Б) екінші табиғат
2. Адам болмысы:
А)заттар дүниесіндегі адам болмысы
Б)адамның өзіндік болмысы
3. Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы Б) қоғамның рухани болмысы
4. Әлеуметтік болмыс:
А)қоғамдағы және тарих процесіндегі жеке адам болмысы
Б)қоғам болмысы.
Тарихи негізге қарағанда, өмір тіршілігінің негізі-табиғат заттары мен процестер болып табылады. Бірінші табигат ол адамнан бұрын жаратылған әрі адамдардың санасынан бөлек өмір сүреді. Мысалы, мұхит, теңіз ормандар, ауа,т.б. Кейін адам Жер табиғатына өзгеріс енгізе бастады. Содан соң адамдар өндірген заттардың, процестердің тұтас дүниесі құрылды. Оны К. Маркс екінші дүние деп атады. Оған үйлер, материалдық заттар сол секілділер жатады.
Адам болмысы. Адам тікелей жанды, нақты кісі болып өмір сүреді және оның тіршілік етуінің негізгі алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни, ең алдымен адам «сүйек пен еттен жаралған пенде». Рухани болмыс сана мен бейсаналық процестерін құрайды. Оны шартты түрде екі топқа: дербестенген руханилық, дербестенген емес деп бөледі. Бірінші жағдайда адам сана көмегімен сырткы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін қалыптастырады. Екінші жағдайға кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, т.б. жатады.Әлеуметтік болмыс та тарих процесіндегі жеке адам болмысы және қоғам болмысы деп екіге бөлінеді. Жеке адам тек қана коғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи үдерістерге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет