Кіріспе Еңбек гигенасы туралы жалпы түсінік Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена – еңбек процестерінің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шаралары мен гигиеналық нормативтер іздестіретін ғылым, гигиена саласы.
Еңбек гигиенасының ағымдағы міндеті, халық шаруашылығының өркендеп даму бағытына қарай, еңбек ету жағдайын және сауықтыруды, сонымен бірге кәсіби аурушаңдықты жою және мүмкіндігінше төмендету.
Еңбек гигиенасы мынандай мәселелерді қарастырады:
гигиеналық нормативтер;
санитарлық ереже жағдайына қарай өндірісті қалыпты ұстау;
еңбек үрдісін тиімді етіп жұмыс орындарын сақтау және еңбек режимі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру.
Практикалық іс әрекеттің мәні – санитарлық гигиеналық бақылау, құрылған және жобаланған өндірістік нысандарды, ауыл шаруашылығын т.б. құрылымдарды, еңбек гигиенасын санитарлық қадағалау. Өндірістік ортаның нормалық факторларына экспериментті зертттеулер жүргізеді, ол үшін электрофизиологиялық, токсикологиялық, гематологиялық, эмбриологиялық және т.б. әдістерді пайдаланады. Еңбек гигиенасы көптеген ғылым (биохимия, биофизика, патофизиология, нефрология, дерматология, оториноларингология т.б.) салаларымен тығыз байланысты.