Тақырыбы Токсикологиялық талдау. Соттық-ветеринариялық сою. Химиялық-токсикологиялық тексеруге сынаманы алып зертханаға жіберу Жоспары



бет1/3
Дата12.02.2023
өлшемі18,67 Kb.
#67289
түріҚұрамы
  1   2   3

Модуль 1 Жалпы токсикология


Тақырыбы Токсикологиялық талдау. Соттық-ветеринариялық сою. Химиялық-токсикологиялық тексеруге сынаманы алып зертханаға жіберу
Жоспары:

  1. Токсикологиялық талдаудың уыттылық негізі.

  2. Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері.

Зерттеуге қажетті сынаманы зертханаға жіберу қағидалары

Құрамында улы заттары бар екендігіне күдікті барлық заттар химиялық – токсикологиялық талдау үшін арнайы бөлімі бар зертханаға жіберіледі. Улызат: жануар мүшелері, (кесінділері), сұйық зат, улы химикат үлгілері, (қабырға, еден, қырындылары, астаудағы азық т.б заттар болуы мүмкін.


Сараптамалар: ветеринариялық зертханаға химико – токсикологиялық және соттық медицина, соттық − сараптау институттары зертханаларында жүргізіледі.
Соттық – ветеринариялық сою – тергеу орындарының жазбаша рұқсатымен жүргізілетін, соттық – ветеринариялық сараптаудың бір бөлімі. Союды тек күдік туған жағдайда ғана, жергілікті басқару орындарының немесе мал дәрігерінің шешімімен, екі үш адамнан комиссия құрып, сою шараларын жүзеге асыруға болады. Комиссия құрылмай соттық – ветеринариялық сою жүргізілмейді.
Хаттама толтырылып, латын терминдері араластырылмай жазылуы тиіс. Хаттаманың қорытынды бөлімінде ағзадағы микроскопиялық тексерудегі негізгі өзгерістер жазылады. Мал неден өлгені жазылмайды.
Қорытынды химиялық – токсикологиялық талдау шешімінен кейін қойылады. Соттық және тергеу бөлімдерінің шешімі, соттық – ветеринариялық сою хаттамасы, ауру тарихы жіберіледі. Химиялық – токсикологиялық талдау жүргізілетін мекеме тексеру барысында – ағзада улы заттардың бар жоқтығын анықтап қана қоймай, улылықтың қай категорияға жататындығын және сандық көрсеткіштерін де анықтауға міндетті.
Химиялық токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі – дәрмек сақталмаған таза ыдыстарға буылып – түйілуі керек.
Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады.
Фиксация жасау үшін тек ректиаракатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды.
Мысалы: хлороформ – өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын өзгертеді.
Тексеруге ұсақ жануарларды соймай – ақ тұтас жіберген жөн. Ал ірі малдардың мүшелері және ішек – қарынды ішкі суығымен әрқайсысынан 250-500 грамм сынама алынады. Жүрек, бүйрек көлеміне қарай бүтіндей немесе жартылай, ми және жұлыннан бірнеше кесек. Сонымен қатар нәжіс, сілекей т.б жіберуге болады. Астаудағы азық, судан 1 кг− нан жіберуге болады.
Зертханаға түскен заттар 3топқа бөлінеді:

  1. Тексеруге қолданылуы.

  2. Қосымша ретінде.

  3. Берік мөрленіп, сақтауға жіберіледі.

Зерзаттарды қабылдаған зертхана қабылдау қолхатын беруге, ал тексеруге қорытындысын жазбаша түрде хабарлауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет