Реферат тақырыбы: Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет Оррындаған: Жеңісқан Аяжан



Дата14.09.2023
өлшемі21,46 Kb.
#107223
түріРеферат
Байланысты:
Реферат тақырыбы Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәде


Реферат тақырыбы: Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет Оррындаған: Жеңісқан Аяжан


ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет


Оррындаған: Жеңісқан Аяжан
Тексерген: Аймханова Г.К.
Семей 2023

Мақсаты:
Архаикалық мәдениет ұғымы мен өнердің дамуын қоғам дамуы әрекеті ретінде қарастыру.
Негізгі сұрақтар:
1.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениет.
2.Сақ, массагет, скиф, сармат, ғұндардың материалдық мәдениет ескерткіштері
3. Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис).


1)Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері культтері, наным-сенімдері Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір-біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба-ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады. Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі
2)Сақтар б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар.Сақ заманында Еуразияның көшпелі тайпаларында мал өсіруге негізделген экономикалық базистің қалыптасмуы Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ-Жайық, Қара теңіз жағасындағы қыруар ру-ұлыстар арасында айырбасты,, мәдениеттегі ұқсастықты қамтамасыз етті. Сондай-ақ тұрмыс-салт, тұрғын үйдегі ұқсастықты скиф-сақтардың үй-мекендері дәлелдей түседі. Геродоттың жазбаларында: сақтардың тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қысы-жазы өздерімен бірге жүруге ыңғайлы. Төрт, алты доңғалақты арба үстіне қондырылған көшпелі үйде тұрған. Оңтүстікте сабан кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған үйлері де болған. Археология деректері көрсеткендей, сақтардың төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған үйлері қазақ киіз үйінің бастапқы бастамасы еді.
Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген. Скиф-сақтардың мұндай дәстүрлі жерлеу салтын Алтайдағы Пазырық обасы, Жетісудағы Бесшатыр, Есік обаларының қазынды заттары дәлеледеп отыр. Қазақстан археологтары 1969 жылы ғылымда таңғажайып жаңалық ашты. Алматы облысындағы Есік қаласына таяу жерде көне сақ қорғанында археологиялық қазба жұмыстарын ждүргізу барысында сақ бекзадасының қабірі табылды. Онда жерленген адам «Алтын адам» деген атқа ие болды.
Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды. Есік қорғаны б.д.д. ҮІ-ІҮ ғасырларда салынған.
ХХ ғасырдың 90 жылдары Атырау облысының Жылыой ауданынан Есік адамына ұқсас сақ заманының ескерткіші табылды. Бұл қорғаннан қазып алынған жауынгердің қару-жарақтары мен сауыты түгелге жуық алтын бөлшектерден тұрады.
Археолог- ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстан жеріндегі Шілікті, Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай сияқты қорымдар сақтардың патшалары, көсемдері, атақты батырлары мен ақсүйектері жерленген қасиетті орындар.
Сақтардың мәдениетіндегі «Аң стилі» б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. «Аң стилі» өнері негізгі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздардан сақталған түсініктермен байланысты екендігін аңғартады. Әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары деп санаған.
Сақтар отқа, күнге, ата-баба аруағына, соғыс құдайларына табынған. Тіл заманалар көшінде эволюциялық жолмен дамитын аса күрделі құбылыс болғандықтан, скиф-сақтар ежелгі иран тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын.
Ғұндар.
Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.
Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған.Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.б. 1 ғасырдың соңы мен б.з. 1 ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. 5 ғасырға жуық уақыт ғұндар кең далаға билік жүргізді.
Ғұн дәуірінің археологиялық ескеткіштері – Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан- байтақ жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың 5 ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткіштері үш топқа бөлінеді:
1. Шығыс ғұн ескерткіштері.
2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ескерткіштер.
3. Қазақстанның Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ арқылы Еуропаға дейінгі ескерткіштер.
Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.
Ғұндар көшпелі болған, мал өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отырықшы өмір сүріп, егін салған.Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған, олар табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерлер болған. Олардың қару – жарақтары: садақ, семсер, қанжар, найза болған.
Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған.Олар өздері қолдан жасаған заттарды қадірлеген. Ат әбзелдерін өрнектеп, дөңгелек темірлермен әшекейлеген. Алтыннан, күмістен әшекей бұйымдар жасаған. Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған. Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған. Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты қатты қадірлеген.
Ғұндар, хундар – түркі халықтарының арғы тегі. Ғұндар шығып келе жатқан күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен. Айдың бастапқы күндеріне ерекше мән беріп: сүй, сый деген сөздермен қарсы алған. Ұлылы-кішілі жортулы-жорықтарға ай толғанда шығып, ай қорғалағанда қайтқан. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен, түпкі мекен-жайы қазіргі қазақ даласы. Ендеше ғұндар тікелей біздің ата-бабаларымыз.
3)Анарыс (Анахарсис) — ежелгі сак шешені. Әкесі сақ көсемі, шешесі эллиндік ару болған. Анарыс жастайынан осы озат екі мәдениеттен тел сусындап өседі. Ол ежелгі эллиндік данышпандармен теңдесіп, жеті данышпанның бірі ретінде Грекияға кеңінен танымал болған. Антикалық авторлар Анарыстың әйгілі адамдармен кездесулері, данышпандығы, философиялық сырласулары, шешендік сөз кақтығыстары және канатты сөздері туралы бағалы деректер қалдырған. Мысалы, Понт Евксинский «Понтта бірде-бір руда өзінің данышпандығы немесе білімдігімен Анахарсисқа (Анарысқа -А.К.) тең келетін адам жок» деп жазса, Диоген Лаэртский «Философияда даңқы шыққан ғалымдардың өмірбаяны» деген еңбегінде Анарысқа «Скиф Анахарсис» атты жеке бөлім арнап, ол туралы: «Скиф Анахарсис Гнурдың ұлы және скифтердің патшасы Кадуидтың інісі. Оның шешесі грек қызы болғандықтан, екі тілді жетік білген. Ол скиф және эллиндік салттар, соғыс өнері туралы 800 өлең жазған» — деген мәліметтер келтірген.
Сонымен бірге ежелгі ойшылдар Анарыстың көшпелілік өмір салтын берік ұстанып, оны мақтан тұтатын қасиетіне құрметті төзімділікпен қараған. Анарыстың бүкіл ғұмыры осындай елжандылық қасиетімен ерекшеленеді. Алайда оның өмірі қасіретті оқиғамен аякталады. Ол эллиндік мәдениеттің қыр-сырымен жете танысып, аңсаған отанына аман-сау жеткенімен, туған ағасы Савлий патшаның қолынан қайтыс болған.
Анарыс б.з.д. 594 жылдар шамасында Афинаға келіп, ондағы көптеген әйгілі адамдармен танысып, атақты философ Солонмен дос болған. Ол ойының терендігімен, сөзге шешендігімен көзге түсіп, Олимпиялық ойындарға белсенді катысып, талай рет жүлделерге ие болады. Грекияның ең жоғарғы билік орны — Ареопаг мүшесі болған және оның құрметі үшін көзі тірісінде оған ескерткіш орнатылған деген деректер бар. Ол Лесбос, Фив, Коринф, Фокид, Биотия, Сицилия, Мысыр, Парсы т.б. көптеген елдерді аралайды. Анарыстың хаттары, философиялық ойлары мен шешендік сөздерінде афиналықтар мен сақтардың тұрмыс-салт, мінез-құлық ерекшеліктері әр қырынан көрініс береді. Анарыстан қалған асыл мұралар халкымыздың философиялық, тарихи, этнографиялық және тәлімдік ойларының ежелгі дәуірдегі бастауларының бірі ретінде құнды.


http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет