Реферат Тақырыбы: Ежелгі Грекия мәдениеті Орындаған: Кеңесбек Еңлік Тобы: тп-20-3к Қабылдаған: Байбосынова Г


Ежелгі Грекия тарихында тарихшылар келесі кезеңдерді белгілейді



бет2/7
Дата19.04.2023
өлшемі99,94 Kb.
#84433
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ежелгі Грекия мәдениеті

Ежелгі Грекия тарихында тарихшылар келесі кезеңдерді белгілейді::

  1. Эгей мәдениеті (б.з.б. III мыңжылдықтың соңы — II мыңжылдық). Миной және Микен өркениеті.

    1. Миной өркениеті (Крит):

      1. Ерте миной кезеңі (б.з.б. XXX—XXIII ғғ.).

      2. Орта неминой кезеңі (б.з.б. XXII—XVIII ғғ.).

      3. Кейінгі миной кезеңі (б.з.б. XVII—XII ғғ.).

    2. Эллада өркениеті (Балкан Грекиясы):

      1. Ерте эллада кезеңі ( б.з.б. XXX—XXI ғғ.).

      2. Орта эллада кезеңі (б.з.б. XX—XVII ғғ.).

      3. Кейінгі эллада кезеңі (б.з.б. XVI—XII ғғ.) немесе Микен өркениеті.

  2. Полистер кезеңі (б.з.б. XI—IV ғғ.).

    1. Гомер кезеңі немесе «қараңғы ғасырлар» (б.з.б. XI—IX ғғ.).

    2. Көне Грекия (б.з.б. VIII—VI ғғ.).

  3. Эллинистік Грекия (б.з.б. IV—I ғғэ.).

    1. Бірінші эллинистік кезені (б.з.б. 334—281 ж.).

    2. Екінші эллинистік кезені (б.з.б. 281—150 ж.).

    3. Үшінші эллинистік кезені (б.з.б.150—30 ж.).

Полис - қала-мемлекеті
Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 — 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.
Грек мектептері
Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Олада көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты "гимнасия" деп аталды.
Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.
Ғылыми білімдер
Грек ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет