Реферат Тақырыбы: Ежелгі Грекия мәдениеті Орындаған: Кеңесбек Еңлік Тобы: тп-20-3к Қабылдаған: Байбосынова Г



бет3/7
Дата19.04.2023
өлшемі99,94 Kb.
#84433
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ежелгі Грекия мәдениеті

Грек тарихшылары мен философтары
Б.з.б. 5 ғасырда тарих саласындағы еңбектер пайда бола бастады. Мұндай еңбектердің негізін ежелгі грек тарихшысы Геродот қалаған. Геродоттың "Тарих" атты кітабы ежелгі Грекия мен Азия, Египет халықтарының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты. Осы кітаптың алғысөзін мынандай сөздермен бастаған: "Геродот көптеген халықтардың ұлы жəне даңқты істері ұмытылып қалмауы үшін осы мəліметтерді жинады жəне жазып шықты". Осы еңбегінде көптеген географиялық, этнографиялық жəне тарихи материалдар да жинақталған.
Философия ғылымының негізін салушылардың бірі Аристотель болды. Ол б.з.б. 384-322 жылдары өмір сүрген ғұлама ғалым. Көптеген ғылымдардың негізін қалаушы, жан-жақты білімді адам ретінде даңқы шыққан. Ол философия, тарих, математика, жаратылыстану жəне тағы басқа ғылыми білімдердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Аристотель сол кездегі барлық жинақталған ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген. Бұл дүниежүзілік ғылымның дамуындағы үлкен қадам болды. Оның "Саясат" деген еңбегі мемлекет жəне мемлекеттің құрылымына, түрлеріне айналды.
Ежелгі грек философы Демокрит атом ілімінің алғашқы өкілдерінің бірі саналады. Ол 300-ге жуық шығарма жазған. Сонымен қатар физика, математика, музыка жəне поэзиямен де шұғылданған. Табиғатты терең зерттеп, көптеген халықтардың ғылыми білімдерімен танысқан. Демокрит тұңғыш рет дүние өте ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады, атомдар мəңгілік жəне қозғалыста болады деген пікір айтқан.[7]
Өнері
Зевстің алтың мүсіні
Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет