Сәулет өнері Грекияда б.з.б V ғасырда сәулет өнері жоғары қарқынмен дамыды. Әсіресе, Афины ерекше гүлденіп, әсем қалаға айналды. Афинаның ең көрікті жері акрополь мен агора болып саналған. Бұл жерлерде храмдар, театрлар, әкімшілік ғимараттар, шонжарлардың әсем үйлері орналасты. Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған: коринфтік, дориилік, иониилік.Дориилік стиль қарапайым плиталармен көмкерілеген сәнді бағаналар. Ал, иониилік және кориинфтік стиль - сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналар.
Қорытынды Негізгі құқықтық ұғымдардың классикалық анықтамаларын берген, әр түрлі қүқықтық қарым-қатынасты талдау жолын нұсқаған тек римдіктер ғана. Римдік заң жүйесі орта ғасырларда да, кейінгі замандарда да кереметтей абырой иесі болған-ды. Кейбір Еуропа мемлекеттерінде ол ұзақ уақыттар бойы жалғыз пайдаланылған бұлаққа айналды. Осы заманғы азаматтық құқық саласында Рим заңының кейбір баптарын пайдаланбайтын жағдайларды табу қиын. Антикалық мәдениет — Рим поэзиясында, сәулет өнерінде, скульптурада өз көріністерін тапты. Рим мәдениетінің үлкен жетістігіне құқықтың алғашқы әмбебапты жүйесін калыптастыру жатады. Қазіргі батыс мәдениеті Антикалық мәдениеттің төмендегідей құндылықтарын мұраланды: қазіргі ғылымның бастауларын; көркемөнер мәдениеті мен этиканың мемлекет пен құқықтың негізгі нормаларын; христиандық дінді; азаттық қоғамнын, кейбір элементтерін. Антикалық мәдениеті адамзат өркениетгілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептеледі, ол Еуропалық мәдениетгің архетипіне жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: ↑ Richard Tarnas, The Passion of the Western Mind (New York: Ballantine Books, 1991).
↑ Colin Hynson, Ancient Greece (Milwaukee: World Almanac Library, 2006), 4.
↑ Carol G. Thomas, Paths from Ancient Greece (Leiden, Netherlands: E. J. Brill, 1988).
↑ Лейст О. История политических и правовых учений. Гл. 13.
↑ Реале Дж., Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней.
↑ Ancient Greek Theater Discovered — Discovery Channel
↑ Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра "
↑ Ежелгі дүние тарихы - 6 сынып - Алматы: Атамұра баспасы 2006