Реферат тақырыбы: Ежелгі Орта Азияның мәдениеті Орындаған : 102 ком студенті Ахметова А. С. Қарағанды 2023 жыл



бет3/7
Дата16.05.2023
өлшемі1,62 Mb.
#93832
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат

Сәулет өнері. Кесенелер. Х-ХІІІ ғасырларда күйдірілген кірпіш, ағаш, гипс, алебастр құрылыс материалы ретінде қолданысқа кеңінен енді. Қабырғаларды әрлеуде терракота (күйдірілген балшықтан жасалған тақтайшалар) мен бедерлі кірпіштер қолданылды. Қазбаларға қарағанда өңделген кірпіштердің 30-ға жуық түрі болған. Жаңа ошақ түрлері: домалақ және тікбұрышты мұржасыз темір пештер пайда болды. Бұл пештер өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілді.
Мешіттер мен медреселер Х-ХІІІ ғасыр басындағы қала құрылысында жаңа үлгіге айналды. Ең көне мешіттерді археологтер Кедер және Күлтөбе қалаларынан тапты. Көне мешіттер қарапайымдылығымен сипатталады. Оларды әшекейлеу ісінде күйдірілген кірпішті бедерлеп қалау қолданылған.
Х-ХІІІ ғасырлар ескерткіштерін өзіндік ерекшеліктеріне қарай солтүстік түркістандық сәулет өнері дәстүріне жатқызуға болады. Бұл дәстүрге қазақ жеріндегі далалық өнермен тығыз байланыс тән.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі Жошы хан кесенесі. Бұл ескерткіш Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. XIII ғасырда салынған кесене күйдірілген кірпіштен қаланған. Теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы қазақтың аңызға айналған түп атасы Алашаға арналған Алаша хан кесенесі. Кесененің сырты қазақтың десте оюына толы, ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар. Алаша хан күмбезі қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш. Сәулет өнерінің дамығандығына Тараз маңындағы ескерткіштер дәлел бола алады. Ол ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгісі Х-ХІ ғасырларда салынған Бабаджа-қатын кесенесі. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ғимаратта сәндік әшекейлер жоққа тән. ХІ-ХІІ ғасырларға жататын Айша-бибі кесенесі де сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесене күмбезбен жабылған төртбұрышты құрылыс. Бағаналар мен қабырғаларының сырты геометриялық және өсімдік өрнекті терракота қалақшалармен қапталған.
Тараз қаласындағы Қарахан күмбезді кесенесі қарахандық сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Сырдария бойындағы Сырлытам кесенесі VІІ-VIIІ ғасырларда салынған. Кесене терракота қалақшалармен әсем безендірілген күмбезді ғимарат болып келеді.
Сауда мен егіншілік. Х-ХІІІ ғасыр басында халықаралық саудадан басқа қала мен көшпелі тайпа, ауылдар арасындағы сауда кеңінен өріс алды. Мұны қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған теңгелер айғақтайды. Теңгені халықаралық және ішкі саудада пайдаланған. Х-ХІІІ ғасырдың басында Жібек жолы бойындағы халықаралық сауда жоғары деңгейге жетті. Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн ірі сауда орталықтары саналды. Тараз қаласы керуен саудасының маңызды орталығына айналды. Деректерде бұл қала туралы «мұсылмандардың түркілермен сауда жасау орны» деп жазылған. Тараз арқылы Талас өзенінің жоғары ағысында өндірілген күміс тасымалданды. Қазба жұмыстары кезінде көптеген теңгелердің табылуы қалада ақша сарайының болғандығын көрсетеді. Испиджабта Ұлы Даланың барлық елдеріне апаратын сауда жолдары мен әскери бағыттар түйісті. Қалада мата сататын арнайы орындары бар үлкен керуен сарай болды. Х-ХІІІ ғасырларда Испиджаб пен Тараз халықаралық сауда жолындағы қолайлы жағдайымен, сондай-ақ ішкі саудадағы басымдығымен де ерекшеленді. Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыздар орталығы - Янгикент X ғасырда ірі сауда орталығына айналды. Сауда көшпелілермен шегаралас қалаларда анағұрлым қарқынды жүрді. Қала тұрғындары көшпелілерден жылқы, мал, жүн, тері, киіз, аң терісін алды. Ал дала тұрғындары мал өнімдерін өздеріне қажетті мата, нан, ыдыс-аяқ т.б. заттарға айырбастады. Сауда екі жаққа да тиімді еді. Бұл кезеңде қала мен оның төңірегіндегі егіншілер арасында да сауда кеңінен өріс алды. Қалаға егіншілер ауыл шаруашылығы өнімдерін, негізінен, астық пен жеміс әкелді. Қаладан қолөнершілердің қыштан жасаған заттарын, шыныаяқ, зергерлік бұйымдар мен әшекейлерін сатып алды. Жәрмеңке саудасы көшпелілермен шегаралас қалаларда анағұрлым қарқынды жүрді.
Тауарлы-ақша қатынастарының өсуі. X-XIII ғасырдың басында айырбасты тауарлыақша қатынастары ығыстырды. Қазақстанның ірі Испиджаб, Отырар т.б. қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Айналымға жоғары сапалы күміс дирхемдер енгізілді. Күміс дирхемдер шығару XI ғасырдың соңына дейін жалғасты. ХІ-ХІІ ғасырдың соңынан бастап дирхемдердің сыртын күміспен жалатып, мыстан соға бастады. Бұған «күміс дағдарысы» деп аталатын күміс қорының азаюы себеп болды.
Қазақстан тұрғындарында, сондай-ақ халықаралық сауда құралы және табыс көзі ретінде алтын динарлар қолданылды. Алтын динарлар теңге сарайларында шығарылды, олардың сапасы мен салмағы бір-бірінен ерекшеленді. Теңге сарайларында мыс фельстер соғылды. Мыс фельстер айналым мен төлемнің жаппай қолданыстағы құралы, ішкі нарықта ұсақ бөлшек сауда саласында пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет