9 Компаундтар– лактардан қарағанда құрамында еріткіштердің болмауымен ерекшеленеді. Олар әр түрлі: шайырлар, битумдар, майлар, т.б. тұрады. Егер компаунд бастапқы күйде қатты болса, оны қолдану алдынды керекті температураға дейін қыздырады. Бұл іспен біз компаунд массасының қажетті төмен тұтқырлығын аламыз. Компаундтар қолдану аясына байланысты екі негізі топтарға бөлінді:
1) сіңдірілмелі компаундтар, олардың қолдануы сіңдірмелі лактардың қолдану аясымен бірдей, яғни қасиеттері де бір-бірімен ұйқасады.
2) құймалы компаундтар, бұлар салыстырмалы үлкен қуыстарды, элекр машиналары мен аспаптарының әр түрлі бөліктерінің арасын, сонымен қатар электр техникалық детальдарда, түйіндерде, блоктарда салыстырмалы қалың шабын алу үшін және бос кеңістікті толтыру үшін қолоданылады. Құймалы компаундтарды қоолдану мақсаты оқшауламаларда ылғалдан қорғау және химиялық активті заттардың әсерінен қорғау және разрядты кернеуді жоғарылату жылу шығыс шартын жақсарту үшін қолданылады.
Ең ескі уақыт бойынша қолдануға кірген өнеркәсіптегі компаунд анықталған жібу температурасы бар битумдар. Кей кезде битумды компаундтар элекртлік машиналардың стартер орамасына сіңдірме ретінде қолданылады. Сіңдірілмелі лактарға қарағанда битумды компаундтар жақсы ылғал, төзімділік және төмен ылғал өткізгіштік қасиетпен оқшауламаларды қорғайды. Бұның себебі, битумды компаундтарды немесе компаундтардың нақты суығаннан кейін толықтай үлкен саңылаусыз қатып қалады және құрамында еріткіштер болмағандықтан лактарда кездесетін еріткіш ізі оларда болмайды. Роторлық орамаларда сіңдірме ретінде битумды компаундтар термопластикалық қасиеттеріне байланысты қолданылмайды. Себебі, битум машинаның жұмыс температурасына дейін жібу әсерінен орталық күштердің әсерінен қозғалып тұрған орамадан лақтырылып кетеді.
10 Битумды компаундтардың жылуға төзімділік және майда төзіміділік қасиеттерін жоғарылату үшін оларға кебуші майларды қосады. Егер, битумды компаундтардан жібу температурасын төмендету үшін оларға компаунд араластырғыш қосады, яғни төменгі жібу температурасына ие битумдар (60-70 С). Бұған қажеттілік компаундтың ұзақ уақыт қызу кезінде пайдалануынан туады. Компаундтармен элекр таппараттарының катушкаларымен металдың жабылдырғыш арасындағы ауа саңылауларын толтыру жылу шығыс жағдайын жақсартады. Бұдан аспаптардың қуаты жоғарылау мүмкін. Жылу шығыс жағдайы жоғарғы жылу өткізгіштік коэффицентке ие.
Кварц-компаундты қолдану арқылы одан сайын жоғарылатуға болады. Кварц-компаунд минералды-кристалды толтырғышпен таза кварцтық құммен араласқан битум. Кабельдік техникада кабельді комппаундтардың алатын орны зор. Оларға келесі компаундтар жатады: а) сіңдірілмелі компаундтар (сіңдірілмелі кабельдік массалар) оларды күштік кабельдердің қағаз оқшауламасын сіңдіру үшін қолдануды және олардың тұтқырлығын көбейту үшін канифолды немесе синтетикалық шайырды қосады. б) құймалы компаундтар (құймалы кабельдік массалар) муфталардың көбісін және тылсымаралық, кабель тылсымаралық, ойып тесілу кернеуін көбейту үшін мүмкін болатын оқшауламаларда болатын ылғалды алдын алу үшін байланыс бөлінетін және соңғы муфталарда қолданылады.
Жоғарыда айтылған компаундтар бұлар термопластикалық: олар жылу әсерінен жібиді және кезекті суыту әсерінен қатаяды. Әдетте, термореактивті компаундтар термопластикалықтардан қарағанда жоғары қызуға төзімді себебі, орнатылғаннан кейінгі қыздыру кезінде олар жібімейді, термореактивті компаундтар әртүрлі детальдарды және түйіндердә сіңдіру және құюда қолданылады.
11 Оларға келесілер жатады: құрғақ трансформаторлар, электр машиналардың ылғалға төзімді оқшауламасы; жасалынған құйма оқшауламаның электрлік қасиетін жақсартады және ылғалданудан механикалық зақымданудан сақтайды, бірақ термореактивті компаундтармен жасалынған құймалар басқа детальдардан немесе басқа сипатты зақымдануларды жөндеуде кедергі келтіреді. Көпшілік жағдайда мұндай бөлшектерді ауыстырады.