Электролит ерітінділері коллигативтік қасиеттері. Коллигативті деп еріген заттың табиғатына тәуелсіз тек оның мольдік концентрациясына байланысты қасиеттерді айтамыз.
Электролит ерітінділері коллигативтік қасиеттерді сипаттайтын шама мәнінің жоғарылауын береді. Оларға да бейэлектролиттерді есептеудегі сол формулалар мен заңдар қолданылады, бірақ изотоникалық коэффициент ескеріледі.
• Электролит диссоциациясы бірдей молярлық концентрацияда ерітіндідегі еріген зат (молекула, ион) бөлшектерінің жалпы саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда жоғарылауына әкеледі.
• Бірдей молярлық концентрацияда электролит ерітіндісіндегі бөлшек саны бейэлектролит ерітіндісімен салыстырғанда неше есе артқанын изотоникалық коэффициент i көрсетеді. Изотоникалық коэффициент электролиттік диссоциацияға тәуелді:
• i =1- (n-1), - электролиттік диссоциация дәрежесі, n –диссоциация
нәтижесінде электролит ыдырағандағы ион саны
Электролит ерітінділер –деп, қозғалыстағы иондардың көмегімен электрлік ток өткізетін ерітінділерді айтады.
Электролиттер ерітінділері балқыма мен көбіне металл пластинкасынан жасалған электродтардан тұрады.
Электролит ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады.Электролиз Фарадей заңдарына сәйкес жүреді.
Электролиттердің электр тогын өткізгіштік қабілеті иондардың қозғалгыштығына да байланысты.
1.Шоқыбаев Ж.Ә Бейорганикалық химиялық теориялық негіздері (Алматы2010)
2.К.Аханбаев Химия негізі (Алматы 2013)
3.Керимбаева К.З Бейорганикалық химия 2010
4.Утелбаева А.Б,Утелбаева Б.Т. Химия, 2012