2.1.4. Әлеуметтік жұмыс қызметкері мен көмекке мұқтаж жанның қарым-қатынасы Әлеуметтік қызметкердің көмекке мұқтаж жанмен қарым-қатынас кезінде қызметкер түрлі жағыдайға дайын болу керек. Маманның алдында қандай жағдайдағы адам келседе мысалы: ол адам нашақор немесе жалғыз басты ана, қараусыз қалған қарттар , түрлі ауруда ауыратын баланың ата-анасы, баласы ол жағыдайда маман тек өзі ғана емес жанында психолог мамандада жүргені дұрыс. . Клиенттің әлеуметтік қызметкерге әсері әртүрлі түрде көрінеді. Маман өзін бақылауға міндетті болса да, оның эмоциялары, сезімдері сезім болып қалады, кейде оларды жасыру өте қиын. Осыған байланысты әлеуметтік қызметкер өзінің мінез-құлқын саналы түрде бақылауы керек. Егер ол өзін-өзі бақыламаса, онда бейсаналық түрде тартымды клиентке қатысты ол талаптан төмен болуы мүмкін, ал тартымсыз клиентке қатысты ол клиент айтып отырған маңызды нәрсені еріксіз елемей қалуы мүмкін. Әлеуметтік қызметкер клиентпен дұрыс және тиімді қарым-қатынас жасауға дағдылануы керек.Сол кезде, қарым-қатынастар әлеуметтік жқмыстың мақсатына жету құралы ретінде қарастырылады. Маманның өз клиентіне берген кеңесі ескерілмеуі мүмкін, себебі маман клиентке өз бетінше шешім қабылдау құқығын толық берген. Әлеуметтік қызметкер клиенттің айналасындағы оқиғаларды бақылап, қажет болған жағдайда шешушң шаралар қабылдау қажет .Бұл бақылау салыстырмалы , өйткені маман клиенттің онымен жұмыс істеу процесін үзу туралыы шешімінде құрметтеу қажет, тіпті әлеуметтік қызметкердің пікірінше, ол өзінің игілігі үшін ақылға қоынымды, тәуелсіз әрекетке дайын болмасада.Соған қарамастан маманның клиентке әсері , оның өміріне араласуы әрқашан әлеуметтік жұмыста орын алады және шын мәнінде әлеуметтік жұмыстың моральдық мәселесі болып табылады. Жалпы әлеуметтік жұмыс саласында клиентке көмектесудің бір тамаша үлгісі жоқ. Қаншама клиенттер , сонша қажеттіліктер , түрлі қиындықтар болады. Сондықтан тәжірибелі маман клиентпен нақты жағыдайға сәйкес қарым-қатынас орнатады.Әлеуметтік қызметкер клиентке жылуылық пен қамқорлық танытса , бір клиент өзін жайлы ,жақсы сезінеді жаақсы жұмыс жасаса , екіншісі әлеуметтік қызметтер ұстамды , объективті және сыни , іскер болған кезде маңдай қарым-қатынас стиліне жаксырақ келеді.Клиент әлеуметтік қызметтерге хабарласа алады , бірақ сонымен бірге жұмыс жасаудан қорқады яғни бейтаныс адамға өмір тарихының кейбір мәселелерін ашуға қорқады. Мұндай клиент өзіне қамқорлық пен туыстық жылылықты қажет етеді.Көмекке мұқтаж жанға көмек көрсету кезінде екі жақтың да белсенді түрде қатысуы қажет . Әлеуметтік қызметкер де, клиентте мәселені шешуге өз үлесін қосады. Клиенттің қосқан үлесі - ол үнемі өзінің дербес әрекетінің нұсқаларын іздейді яғни өз мәселесін шешуге өзіндік септігін тигізеді, ал әлеуметтік қызметкер бұл ізденісте оған қолдау көрсетеді және мәселені тез шешуге тырысады. Бұл клиенттің өзін-өзі анықтау дәрежесін арттыруға көмектеседі.Маман үшін ең бастысы, клиентке өзін-өзі тануға , өз өмірін ұйымдастыруда өз күштерін табуға, алуға және пайдалануға көмектесу керек.Көмек – бұл екі жақты жол. Клиент пен әлеуметтік қызметкер өзара әрекеттесу процесінде бір-біріне әсер етеді.