Реферат Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы Орындаған: Алдаберген. А



бет5/10
Дата07.01.2022
өлшемі36,83 Kb.
#16906
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Алдаберген Аяжан ЕП-20-3к3 Класс.Мех Реферат

Конфликтінің сипаттары: қатысушы жақтар конфликтілі ретінде қабылдайтын жағдайдың болуы; конфликт обьектісінің бөлінбеуі, яғни, конфликт обьектісі конфликтілі қарым-қатынас қатысушылары арасында бөлінбеуі керек; өздерінің мақсаттарына жету үшін қатысушылардың конфликтілі қарым-қатынасты жалғастыруға деген ниетінің болуы.

Конфликтінің сипатты көрінісі қатысушы жақтар мақсаттарының айырмашылығы, нәтиже мен қарсы жақтар әрекеттерінің белгісіз болуы. Конфликтінің басталуы қарама-қарсы жаққа бағытталған іс-әрекетке байланысты. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне бағытталғанын түсініп, қарсы әрекет ететін болса, конфликт басталады, егер, ешқандай да қарсылық жасалмаса, онда бұл конфликтілі жағдай болады.

Конфликтінің басталуы мынандай шарттарға байланысты: бірінші қатысушы саналы түрде әрекет жасап, екінші қатысушыға денесіне немесе ақпарат беру арқылы зақым келтіреді; екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне бағытталғанын түсінеді; екінші қатысушы жауап ретінде қарсы іс-әрекеттер жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастапконфликт басталды деп айтуға болады.

Сәйкесінше, егер тек бір ғана қатысушы әрекет етіп немесе екі жақ та тек ойша әрекеттер жасаса(іс-әрекеттерді жоспарлау, болатын оқиғаны болжау), онда конфликт болмайды. Конфликт тек, екі жақ та бір-біріне қарама-қарсы белсенді әрекеттер жасағанда басталады. Оған дейін конфликтілі жағдай болады.

Конфликтінің дамуы қатысушы жақтардың саны мен құрамының, кейде тіпті, конфликт себебінің біртіндеп өсуіне байланысты болады. Кішігірім конфликтілі жағдай екі субъектіні араластырады. Екі жақ өздерінің куәгерлері мен заңгерлерін қатыстырады. Одан кейін кәугерлердің қызығушылықтары қарастырылады. Сөйтіп, қатысушылардың да қызығушылықтардың да саны артады. Конфликтінің аяқталуы - конфликтінің басталуына әсер еткен себептерге қарамастан, конфликтіге түскен қатысушылардың барлық іс-әрекеттерді доғаруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет