Реферат Тақырыбы: Әліхан Бөкейханов-қоғам қайраткері. Орындаған: 22-гд-1 Спивак А. Д. Тексерген оқытушы: Жақсылықова Б. С



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі88,48 Kb.
#90407
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Дима реферат

Қорытынды
Қорыта айтатын болсақ, қай дәуірдің болмасын ұлты ұлықтаған ұлдары болары сөзсіз. Сол сияқты қазақ елінде де әр ғасырда ұлықтар ұландары табылып жатады. Осындай тұлғалар қатарында ХХ ғасырдың басында өзінің халқына деген адал қызметі мен қоғамдық-саяси әрекеттері үшін көзге түскендердің бірі – Ә. Бөкейханов еді. Ол туралы айту, жазу, зерттеу жұмыстарын әлі де болса толықтыра түсу тарихшылар міндеті. Ұлы қайраткердің соңына ерген інілері, азаттықтың құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытұлы оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»- дегенде, асыра айтып қателескен жоқ еді. Қошке Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлекең»-деп халқына қалтқысыз еткен қызметіне әділ бағасын берген. Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс – бар қазақтан, Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, – деп С.Торайғыров айтқандай, Әлихан әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. Осындай жүрегі елім-жерім, халқым деп соққан, бүкіл саналы ғұмырын ұлтының бостандығы мен дербестігі үшін арнаған асыл азаматтарымыздың ұлтжанды пікірлері, әрекеттері жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Ел еркіндігі мен ұлт бостандығы үшін құрбан болған ұлт зиялыларының артына қалдырған асыл мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасары анық.
Азаттық жолындағы арпалыспен өткен күреске толы ғұмырында ол ұлтының ертеңі үшін бар күш-жігерін, білім-тәжірибесін жұмсаумен бірге, басын бәйгеге тігіп, жанын да қиды. Қазақтың өз жерін еркін жайлап, өз елінің төрінде отырып, ұл-қызын қазақша оқытып, билік пен төрелікті қазақ тілінде айтуы үшін аянып қалған жоқ. Қазақ тілінде газет шығарды, қазақша кітаптар бастырды, жүздеген мақалалар жазды. Өзгелердің озық ойларын қазаққа жеткізем, көркемдік танымын кеңейтем деп аударма да жасады. Қайсар рухты, асыл текті қайраткердің көшбасшылық арынымен де, қаламының қарымымен де қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына қосқан үлесі, сіңірген еңбегі де елеусіз қалмауы керек. Ол өзінің төңірегіне топтасқан бүкіл алаш оқығандарын қазақша газет шығаруға, көркем шығармалар мен қазақша пән оқулықтарын жазып, қазақ баласын ана тілінде оқытуға жұмылдырды. Бұл оның ұлт көсемі ретінде жазба әдеби тілдің қалыптасуына жасаған үлкен ықпалы, басты тарихи қызметі. Өзгелердің озық ойларын қазаққа жеткізем, көркемдік танымын кеңейтем деп аударма да жасады. Қайсар рухты, асыл текті қайраткердің көшбасшылық арынымен де, қаламының қарымымен де қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына қосқан үлесі, сіңірген еңбегі де елеусіз қалмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет