Реферат тақырыбы: "Ер Төстік", " Керқұла атты Кендебай", "Алтын сақа", " Құйым батыр"



бет1/4
Дата09.05.2022
өлшемі25,71 Kb.
#33270
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Камал Б.А 1701-20 БӨЖ 9-апта хаә


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: “Ер Төстік”, “ Керқұла атты Кендебай”, “Алтын сақа”, “ Құйым батыр”, “Аяз би” ертегілерінің мазмұнын біліп, жанрлық ерекшеліктерін көрсету

Дайындаған: Камал Балзия

Тобы: 1701-20

Қабылдаған: Әбдіғаппар А

Жоспар

I Кіріспе



II Негізгі бөлім

1.Ертегі жанры туралы түсінік

2. “Ер Төстік”, “Керқұла атты Кендебай ”, “Құйым батыр”ертегілерінің мазмұны мен жанрлық ерекшелігі

3. “Алтын сақа”, “Аяз би” ертегілерінің мазмұны мен жанрлық ерекшеліктері

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. Әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді.

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.Халық ерте кезде – ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар. Ертегілердің үш түрі бар. Олар:

1. Хайуанаттар туралы ертегілер

2. Қиял – ғажайып ертегілер

3. Шыншыл ертегілер

Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.

Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып, жеңіп отырады. Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат, алып құстар жәрдемдеседі.

«Ер Төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. «Ер Төстікте» ерте дәуірдегі халықтың мифтік танымы, ырымдары мен әдет-ғұрыптарының бәрі бар.

Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың "иелері" болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипат алып, "достар осындай болса екен" деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған.

Кейіпкерлер:

Ерназар – Төстіктің әкесі

Төстік


Кенжекей – Төстіктің жары

Таусоғар – тау қопаратын күші бар алып күш-қуат иесі

Желаяқ – айшылық алыс жерлерді бірер сәтте басып өтетін жылдамдық иесі

Көлтауысар – Көл суын бір сәтте жұтып қоя алатын адам

Саққұлақ – адам құлағы жетпейтін жерден дыбысты ести алады

Мыстан


Бапы хан

Шойынқұлақ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет