Реферат тақырыбы: Еркіндік философиясы Дайындаған: Тексерген: жоспар



бет1/5
Дата22.11.2022
өлшемі26,62 Kb.
#51645
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Еркіндік философиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Еркіндік философиясы
Дайындаған:
Тексерген:

ЖОСПАР
I.Кіріспе....................................................................................................................3
1.1 Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................4
2.1 Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар............................................................................................................4
2.2 Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі..........................................................................................................5
III.Қорытынды.........................................................................................................6
IY.Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................6

I.Кіріспе


1.1 Философия тарихындағы еркіндік ұғымы
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар аударамыз. Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады. Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем.
Еркіндік біреудің үстемдігінсіз және зорлықсыз өмір сүру мен еңбек ету, мұнысыз ол өзін тұлға ретінде қабылдай алмайды. Еркіндік ұғымы бұл тұрғыда тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Саяси еркіндікпен тығыз байланыста болатын экономикалық тұрғыдағы еркіндіктің көрінісі бар. Бұл дегеніміз, өз бетінше өндірісті дамытып, ешкімге материалдық жағынан тәуелсіз болу арқылы өз саясаттарын іске асыру.
Адамзаттың ерте замандардан бері тілеген арманы бар, ол еркіндік. Тарих ашық түрде еркіндік «Әрекет етуге бөгет жасамаңдар» деген ұранмен буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде 17-18ғ. енген болатын. Бұған бұл ұғым қарастырылмаған деген түсінік тумауы тиіс, әрине. Жүйелі түрде осы кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін шолу жасап көрейік.
Ағылшын философы Томас Гоббстың пікірінше, еркіндік деп адамдардың өз ойымен және өз түсініктері бойынша істеуіне болатын әрекеттерді атқару барысында сырттан кедергілердің болмауы. Гоббстың көңіл аударатын тағы бір қыры еркіндікпен қажеттіліктің үйлесе алатындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет