Реферат Тақырыбы: "Ерте көшпенділер дәуіріндегі ұлы дала өркениеті"



бет1/5
Дата12.02.2023
өлшемі40,02 Kb.
#67181
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Ерте к шпенділер д уіріндегі лы дала ркение (1)

Реферат


Тақырыбы: "Ерте көшпенділер дәуіріндегі ұлы дала өркениеті"
Қабылдаған: Ахметжанова Д.К.
Орындаған: Тайғара Айжан (гр. Б-2)

Жоспар
Кіріспе бөлім


Негізгі бөлім
1. Көшпелі қоғамның өркениетінің зерттелу дәрежесі
2. Антик заманы авторларының зерттеу көзқарастары
3. Көшпелілер өркениетінің дүниежүзі тарихындағы орны
Қорытынды


Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері:
Зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері
Жұмыстың басты мақсаты : көшпелілер өркениетінің маңызын көрсету
Бұл мақсатты орындау жолында тақырыптың алдында төмендегідей міндеттер туындайды:
Қазақстан тарихында көшпенділер қоғамына жаңаша обьективті, тарихи көзқарастарды қалыптастыруға
Л. Н. Гумилев еңбектерінің көшпенділер тарихына қосқан үлесін таныстыру
Ежелгі Қазақстан көшпенді халықтарының дүниежүзі тарихындағы орнын айқындап көрсету;

«Өркениет» ұғымы. Өркениет дегенде, алдымен «мәдениет» ұғымы ойға оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып та келді. Жалпылама мағынада алғанда, мәдениет— айналадағы нағыздықты жаңартуға, адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға шыңдауға бағытталған адамзаттың шығармашылық қызметі болып табылады.


Өркениетті дүниежүзілік тарихи үрдіске талдау жасай отырып, мәдениеттен бөле қарастыру жаңа дәуір зерттеушілерінен басталды. Қазіргі замандык әлеуметтанушылар, тарихшылар мен философтар қоғамның өркениеттілігін оның үш айқындаушы өлшемі — техниканың жетістігі, қоғамның әлеуметтік түзілімі және қоғамның ішкі ұйымдасуы мен негізделуі тұрғысынан бағалайды. Осы тұрғыдан алып топшылағанда, өркениет (лат. civilis — азаматтық, мемлекеттік) деп белгілі бір елдер мен халықтардыц тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық ерекшеліктерін айтамыз.

Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.


Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер туралы түсінік, алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.
Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер де сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда «көшпелілер — жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон,АдамСмит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды», — деген. Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды» деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегелъ: «Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ», — деп есептеген.
XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әртүрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Ратцелъ, Гумплович, Торнвалъд, Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген тұжырымдар айтты. Олардық жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: «Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын — болашағы жоқ қоғам».
Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А.П.Чулошников деген зерттеуші: «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды», — десе, П.Кушнер: «Көшпелілерде «рулық мемлекет», феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды», — дейді.
XX ғасырдың 30-жылдары С.П. Толстов пен Б.Я. Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әртүрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. СП.Толстовтың пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты, алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдың қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархалдық монархия түрінде құрылды». «Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?» деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: «Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдың қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жекеменшік құрады», — дегенді айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: «Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жекеменшік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды», — деген пікірді ұстанды.
Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлық жүйе идеологтері көшпелілікке қарсы шыға бастады. «Адам — табиғатты өзгертуші құдіретті күш» деген қағиданы басшылыққа алған.коммунистік идеологияның өкілдері көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халықтарды жаппай отырықшылыққа айналдыру қажеттігін дәлелдеп бақты. Ал осы қате көзқарастан қазақ халқы 30-жылдары қатты күйзеліске ұшырап, жаппай қырылып, көпшілігі елден ауып кетуге мәжбүр болғандығы белгілі.
XX ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап жекелеген ғалымдар көшпеліліктің географиялық-экологиялық себептерін қайта мойындай бастады. Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелілік дегеніміз, кейбіреулер айтқандай, «адамзаттық өркениеттің сара жолынан адасу» емес, керісінше шаруашылықтың, мәдениеттің ерекше даму түрі. Олардың пікірі бойынша: «Көшпелілер далалы, шөлді, шөлейтті табиғатта өз шаруашылығын қалыптастыр-ған, олардың негізгі күнкөріс көзі мал болған, мал басы өскен сайын жайылым айырбастау қажеттілігі туған, сөйтіп көшпелі өмір салты қалыптасқан».
Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н. Гумилев болды. Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады. Дегенмен Л.Н.Гумилев: «Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады» деп санады. Оның ойынша, «бүкіл тарихи үдеріс географиялық, биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді». Л. Н. Гумилевтің осындай көзқарастары кезінде сыналған да еді.
Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған.
XX ғасырдың 60 — 80-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы жөнінде қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады. Бұл ретте С.Зимановтың «Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы», В.Ф.Шахматовтың «Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы», С.Толыбековтің «XVII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы», Д.Кішібековтің «Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы», НМасановтық «Қазақтардық көшпелі өркениеті», т.б. еңбектері жарық көрді.
Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелі жұрттар өз бетімен таптың қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал олардың әрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам — бұл даму болашағы шектеулі қоғам.
Белгілі орыс археолога, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі Сібірі шығысқа Караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев,К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык Дала уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансүк еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады. Оның өлемдік өркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде оділ бага беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының койнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді...
Кейінгі жылдары көшпелі қоғамның ежелгі замандағы, орта ғасырлардағы мәдени, әлеуметтік-саяси оңды жақтары, артықшылықтары мойындала бастады. Көшпелі өркениетті адамзат тарихындағы заңды құбылыс, шаруашылықтың, мәдениеттің, өмір тұрмысының ерекше бір түрі екендігін көпшілік ғалымдар дәлелдеп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет