Реферат Тақырыбы: "Философия және философ қоғам мен адам өмірінде" Қабылдаған: Орындаған: Тұрсынова Алтынай Топ 23-17 Философия сро 2



бет1/2
Дата29.09.2024
өлшемі77,89 Kb.
#146108
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
БӨЖ №2 Тқрсынова Алтынай


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Алматы технологиялық университеті


Реферат

Тақырыбы: “Философия және философ қоғам мен адам өмірінде”
Қабылдаған:
Орындаған: Тұрсынова Алтынай Топ 23-17
Философия сро 2

Алматы 2024


ЖОСПАР
1. Философиялық білмнің негізгі сипаттары .
2. Философияның функциялары .
3. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі .
4. Философия туралы дәстүрлі түсініктер
Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік , себебі , К.Ясперстің сөзімен айтсақ , философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу .
Сократ : « Философия — ойлау арқылы ақиқатқа , білімге жету »
Геродот : « Философия — білімді , ақылдылықты сүю » 
Аристотел : « Философия - негізі » .
Ортағасырдың діни ойшылдары : Августин : « Философия — ақылдылыққа құштарлық » — дейді . Аквинат : « Философия — барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат ( Құдай ) туралы ілім » дейді . М. Монтень : « Философияның қайғылы , іш пыстыратын , нәрселерге еш қатысы жоқ . Даналықтың ерекше бір белгісі — ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау , ол жан жарасын жеңілдетеді , ауруды жеңуге көмектеседі » — дейді . Т. Гоббс : « Философия адамның ақыл - ойы , ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші , осы істердің ретін , себептерін , салдарын анықтауға көмектеседі » дейді . Декарт : « Философия – даналық , адам танып - біле алатын заттар туралы егжей тегжейлі , жан - жақты білім » -дейді . Фихте : « Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен , философия адамның ақыл – ойымен тығыз байланысты » -деген .
Осы анықтауларға сүйеніп , философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ : 
1. Философия даналықпен , ақыл Оймен байланысты . Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo — сүйемін , sophia даналық дегенді , басқаш айтсақ , даналыққа құштарлы дегенді білдіреді 
2. . Философияның басы - таңдану . Сократ « Менің білетінім мен ештеңе білмеймін » дегендей , таңданған адам заттың , құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі , философиялық пайымдау жасауға ұмтылады .
3. Философиялық білімге еркіндік , тәуелсіздік тән .
Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады . Тәуелділік философияны көркейтпейді . Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы .
1. Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады . Бұл байыпты , ғылыми , толерантты , еркін , творчестволық ойлау . 
2. Философия жауабын табу қиын , тез арада шешу мүмкін емес , күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады . Мысалы , адам өмірінің мәні мәселесі , табиғат , қоғам , және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады .
Философияның анықтамасы : Философия - бар болып отырғанды ( сущее ) тұтас , элементтері бірі - бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын , оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым .
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент — Адам , сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі . М.Әуезов : « Философия ...- кең ақыл , терең қиял шығарған , адамның жанын тәрбиелейтін , жүрегін ағартып , адамшылығын арттырып , ақтылыққа сүйрейді . Философия :
1. адамның қайдан жаралғанын шешпек ;
2. адамның жанын , ішкі халін тексермек ;
3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.
Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ » дейді . 
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:
1. Мен не біле аламын ? 
2. Мен не істеуім керек ? 
3. Мен не нәрсеге үміттене аламын ? 
4. Адам дегеніміз не ? 
Бірінші сұраққа метафизика жауап береді , екіншісіне мораль , үшіншісіне — дін , төртіншісіне антропология . Бірақ Осының бәрін антропологияда Жинақтауға болады , себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді . ... Адамға аса қажет білім болса , ол мен оқытып отырған , адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады »
Философияның функциялары:
1 ) көзқарастық — философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады . Көзқарас — адамның өзі , қоғам , дүние туралы өзіндік ой пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы . Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді , акыл - ойды , сезімдерді , үміт - ұмтылыстарды наным - сенімдерді , құндылықтарды , күдік - күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады . Көзқарастың мифологиялық , діни түрлері белгілі , олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше . Бірақ философия ғана жан - жақты , ғылыми , терең , толыққанды көзқарасты қалыптастырады .
2 ) рациональды жүйелеу – философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды , ғылыми емес , қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып- сараптайды , дұрыс бұрысын айырып , белгілі бір жүйеге келтіреді 3 ) сыни Сыни — философиялық ұғымдар мен категорияларды , заңдарды игеру , философия тарихымен , оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу , олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне , қызметіне , қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге , сыни тұрғыдан талдауға үйретеді . Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады .Ол жеке адамның ғана емес , бүкіл Қоғамның тыныс - тіршілігін сыни сараптан өткізеді , адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;
4 ) болжам жасау — философия жеке адамның да , бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді , жаңа көзқарас - идеялардың негізін салады . Әрине , болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес . Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын , өмірлік мақсаттарын , қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады .
5 ) гуманистік философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды . Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды , өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды , өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп - дамытуды үйренеді . 
6 ) практикалық неміс философы Гегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да , қазіргі философияның , онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз . Жан жағынан адам , өмір , қоғам , дүние , табиғат туралы түсініксіз сұрақтар қаумалап , өмірден , қоғамнан өз орнын таба алмай қиналған қазіргі заман адамына құрғақ теориялар мен шым - шытырық абстракциялардан пайда шамалы , оған өзінің кім екенін , дүниеге келгендегі абстракциялардан пайда шамалы , оған өзінің кім екенін , дүниеге келгендегі мақсатын түсіндіріп беретін , алдынан күнбе - күн тосып отырған қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін , бір сөзбен айтсақ , практикалық сипаты бар философия қажет . Бірақ , бұл пікірден философия күйбең тіршіліктің пендешілік қажеттіліктерін түсіндіруді қанағат тұтып қоюмен шектелуі қажет деген тұжырым туындамауы керек , керісінше , ол әрбір адамды терең толғаныс - Ойларға жетелеп , өткінші нәрселерден мәңгілік , мызғымас құндылықтарға бойлауға шақыруы тиіс .
Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор :
1 ) философия жеке адамның , әсіресе , жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді . 2 ) Философия адамға өмірлік бағыт бағдар береді .
3 ) Философия дұрыс , ақылды ойлай білуге , өзі туралы тереңірек ойлануға әсерiн тiгiзеді .
Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы , адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп , ұғымдар әлемінде өзімен - өзі өмір сүруші , адамдарын көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың , жалпы қоғамның санасына күшті әсер ететіндігін ескертеді , философ өз ойымен әуелі бір адаммен , сонансоң екінші , үшінші адаммен , бірте - бірте бүкіл Қоғаммен бөлісіп , философиялық ой Көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын . 
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік - рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті . Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасына білім алушы жастардың қарапайым индивид - пенде емес , өзіне , Қоғамға , өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр . Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады , бұл қадам дұрыс деп ойлаймыз . Белгілі философ К.Ясперстің пікірінше , « философия тарихы философиялық пайымдаудың маңызды элементі . Өткенге , тұтастың ең биік дүние - туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойындағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады » ( К.Ясперс . Всемирная история философии . СПб . , 2000 , 258 с . ) . Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды , керісінше , оны саралап , өзінің болашақ дамуына қажетті ой - пікір , көзқарас , идеяларды алып отырады . Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері , ең биік үлгілері жинақталған , бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді , оның шарықтауына , тұлғаның өзіндік « Менін » көрсетуіне шексіз мүмкіндік - кеңістік ашады .
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар . Философиялық Ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді , себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері , басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі . Философиялық тұлғалардың , К.Ясперстің сөзімен айтсақ , « философия кеңістігіндегі субтанциялардың » қайталанбас дүниесіне үңілу , жеке өмірі мен шығармашылығын талдау , тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді . Мысалы , Сократ , И.Кант , Л.Толстой , Абай , Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып , олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз . Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары , тағдыры , мінез - құлқы , өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады . Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан , бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады . Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмір мәндік түсініктерінің 
қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті .
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп - дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады . Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін , олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай , іс жүзінде ұстанған парыз,
әділеттілік , мейірімділік , адалдық , өзіне ғана емес , басқаларға да қызмет ете білу , жан жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып білу , оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға , мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну - индивидтен бірте - бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар .
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді , себебі философия - рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.
Еркіндік мәселесі философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан , әлі шешімі табылмаған , маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған « Мәңгілік » мәселелердің бірі .Философиялық ойлауға тән ашықтық , сыни верификация , реализм , скептицизм , өзін - өзі сынай білу философияны игеруші субъект - тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді . Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін , таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді . Бұл мәселе , әсіресе , кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек . Қорқыту , тиым салу арқылы емес , саналы еркіндіктің көмегімен ғана Қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады.
Әрине , абсолюттік еркіндік мүмкін емес , бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады .
Ойымызды қорыта келсек , философия ғылымы адамга өзі өмір сүріп отырған орта - табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы , өзінің осы жуйеде алатын орны , өмірі , өмірлік мақсат міндеттері туралы жан - жақты теориялық білім беретін , адамның көзқарасын қалыптастыратын , сонымен қатар практикалық сипатқа ие,қәзіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.
философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымныңжалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытайжәне Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет