2.Негізгі бөлім 1. Философияның мәдени-тарихи алғышарттары. Ол біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінене көшу, рулық-тайпалы құрылымының ыдырауы, тауарлы ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болу кезеңдері болатын. Ертедегі Үнді философиясы. Ол брахманизмге оппозициядан басталды. Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінген. Бірі-әскери, аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі-абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі-басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі-төменгі каста (шудралар). Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларды қоғам ісіне араластырмады. Брахмандар масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені брахманизмдер мифологиялық көзқарасқа негізделген, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Біздің заманымыздан бұрынғы УІІ-УІ ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды. Олардың ішіндегі бастылары джайнизм мен буддизм еді. Осылардың негізінде үнділік философия қалыптасты.
Джайнизм-этикалық ілім. Оның негізі-адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босаты. Джайнизм-материяны жансыз дүние затына жатқызады. Буддизм-біздің заманымызға дейінгі УІ-У ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол браманизмге қарсы, әділдік көксеген таптар арасында пайда болды. Кейіріек үстем таптар оны өзінің құралы ретінде қолдады. Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенеді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған – Сиддхарта Гаутама Будда (б.з.д. 623-524 жж.). Буддизмде төрт басты мәселе бар: 1) өмір азапқа толы; 2) ол азаптардың себебі бар (ол-қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлық, тыйымсыз әуестік); 3) азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар; 4) азаптан құтылудың кезі бар. Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дүниеде болмақ. Ертедегі үнді философиясында материалистік ағым да болды.
2) Ежелгі Қытай және Индия философиялық ойларындағы ерекшелік. Ол біздің заманымыздан бұрынғы УІ-У ғасырларда пайда болды. Оған дейін Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала басталды.: консерваторлық (не кертартпа) және прогерсшілдік, бірі мистикалық, екіншісі-атеистік бағыттар. Алғашқы материалистер пікінрінше, әрбір зат бес түрлі бастапқы элементтен (металл, ағаш, су, от, жер) тұратын болса, керісінше идеалистердің пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы «даоға» байланысты. Ертедегі қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған атақты-Конфуций (б.з.б. 551-479 жж). Конфуций төрт принципті ұстады. 1) бос қиялға салынбау; 2) «мен білемін» дегендіктен аулақ болу; 3) қасарыстық көрсетпеу; 4) өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Үнді философиясында Аспан мен Жерді жұбайлар ретінде қараса, Қытай философиясында осы пікірді негізге ала отырып, Аспанды билейтін ер рухы «ян», жерді билейтін - әйел рухы «инь» ретінде қарастырылған. Шығыс философиясының көтерген мәселесі - адам проблемасы. Адамдар мен Құдайлар арасында белгілі бір заңдылық немесе байланыс бар деп есептеді олар.