3) Көне грек өркениеті және көне философиялық дәстүрдің ерекшелік сипаты. Антик философиясы б.з.д УІІ-УІ ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан (Иониядағы) гректің қала - мемлекеттерінде, одан соң Түстік Италиядағы грек қалаларында, сондай-ақ Сицилияның терістік жағалауындағы қалаларда, Грецияның өз ішіндегі Афины қаласында дүниеге келді. Римде философия ІІ-І ғасырларда қалыптасты. Бұл ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Мәдениет дамыды., гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме, тарих, философия, басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Аристофан, Софокл, Геродот, Ксенофонт, Демокрит, Эпикур, Сократ, Платон, Аристотель дүниеге келді. Бұл белгілі дәрежеде қалыптасқан философияның тұрпайы болса да алғашқы кезеңіне жатады. Грек филоссофиясы бірнеше белгілі өкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты. Фалес б.з.д. 625-547 жылдарда сауда адамы болған. Дүние негізі су деген. Фалестің айтуынша, дүние - жанды құбылыс. «Дүниеде не жүйрік не?», деген сұраққа: «Ой, ол бәрінен жүйрік»,-деп жауап берген. «Дүниеде ең ақылды не?» - деген сұрауға: «Уақыт-деп жауап қайтарған-өйткені ол бәрінің де сырын ашады». «Бәрінен күшті не?» деген сұраққа: «қажеттілік-деген, ол бәріне әмірші», «Ең қиын не?» деген сауалғав : «Өзіңді-өзің тану»-депті. «Ең жеңіл не?» дегенге: «Басқаларға кеңес беру» - деген екен. Анаксимандр (б.з.д. 610-547 жж.). Оның пікірінше, дүние негізі-су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама-апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін жойылмайтын - апейрон. Анасимандр әлемнің түрлері мен көп болатынын болжамдады. Оның апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келді. Анаксимен (585-525) дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер тас, от пайда болады ждеп есептді. Ол ауасыз тіршілік жоқ, жан дегеніміз-ауа десе керек. Гераклит (535-475). Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірінше, дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын ешнәрсе жоқ. Бәрі ағыста, бәрі өзгерісте. Парменит (УІ-Уғғ шамасы)- Оның ойынша: бәрі де екі бастамадан - от пен жерден тұрады.. Ол философияға «болмыс» ұғымын ендірді. Оны тек оймен тану, білу мүмкін. Оның қанатты сөзі: «болмыс бар, бейболмыс жоқ». Оның шәкірті болған Зенон (490-430). Ол бірнеше ғажап ойлар айтты. Оның бірі - апориясы. Эмпедокл (490-430) диалектика бар жерде антидилектика, метафизика да бар, идеализм бар жерде материализм бар. Эмпедокл - ертедегі гректің ішінен шыққан материалист. Анаксагор (500-428). Күн - материалдық дене, құдай емес, жұлдыздар – қыздырылған тас. Оны қыздыратын жылдам қозғалыс дейді. Ертедегі гректердің арасынан софистер де шықты. Солардың бірі - Протагор (480-410). Ол «барлық заттардың өлшемі – адам»-деген. Екіншісі - Горгий (483-375). Горгийдің пікірінше, мәлеле бір нәрсені таныфп-білуде емес, ойлау қажет бәрі соған байланысты келмейді. Диалектика – икемді ойлау әдісі. Икемді ойлаудың екі түрі бар: обьективтік және субиективтік ойлау. Осылардың біріншісі диалектикаға, екіншісі софистерге жатады. Сократ (469-399) – гректер арасынан шыққан обьективтік идеализмнің негізін салушы. Ол Афиныдағы демократиялық құрлыстың кезеңіне сай келді. «Менің білетінім-еш нәрсе білмейтінім» - дейді Сократ. Сондықтан ол «Өзіңді, өзің біліа ал» деген талап қояды. Оның қанатты сөздері: «Мен өмір сүру үшін ішіп жеймін, ал енді бірекулер ішіп-жеу үшін өмір сүреді». Демокрит (460-360) Ол әлем «атом» мен «бос қуыстан» тұрады дейді. «Атом көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді, түссіз, бірақ нақты өмір сүреді» деп уағыздайды. Оның пікірінше, бір кезде адамдар хайуанша өмір сүрген. «Соларды адам қалпына келтірген – қажеттілік» деп түсіндіреді. Платон (428-347) – обьективтік идеализмнің көрнекті өкілі.. Алғаш идея деген ұғымды философияға енгізген. Идея-ол, біріншіден мәңгі, ол тумайды, өлмейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әртүрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді-дейді. Сөйтіп ол идеяны алға тартады. Философ дегеніміз – шындықты сүю- дейді Платон.
Аристотель (384-322) Ол-Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Аристотельдің философиясы обьективті идеализм болып табылады. Ол дүниені тануға болады және таным адамнан тыс, тәуелсіз өмір сүретін қоршаған дүниенің бейнесі болып табылады. Аристотель дүниедегі себепті бөліп көрсетеді: материя, форма, себеп және мақсат. Материя - ол тек дамудың мүмкіндігі, ол пассивті, баяу, өзін-өзі қозғауға қабілетті емес. Форма - актив, белсенд, әрбір зат дегеніміз бір түрге келген материа. Форма материяны шындыққа айналдырады. Себеп - не жасасаң, соны жасайтын. Мақсат – барлық нәрсе не үшін өмір сүрсе, сол. Мысалы., үй. Құрылыс материалы - бұл материя, ал салынған үй – мақсат. Жобасы мен архитектурасы – бұл форма. Құрылысшылар мен архитекторлар –себеп. Эпикур (341-270) материалист, атомист. Демокриттің ілімін ілгері дамытушы.Ол атом жөніндегі пікірлерге қосылады. Ол ләззаттың үш түрі болатынын айтады. Бірі-табиғи, өмірге қажет ләззат, екінші – табиғи, бірақ өмірге қажет емес, үшіншісі- табиғи емес, өмірге де қажет емес. Ол осы үшеуінің біріншісін қолдайды.