Байланысты: Реферат Та ырыбы Футбол ойыныны ережелері Орында ан Утепова Д
Қорытынды Өмір көрсеткендей ешқандай ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса нәтиже бермейді.Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі.Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.
Футбол- тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданатын құралдарының бірі. Бұл шындығында да халықтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер, және балалар да шұғылданады. Ал бапкердің дарынды, жан жақты болуы, жаңашылдық енгізе алуы, әрі нәтижелі тәрбие беріп, осы спорт түріне қызықтыра білуі осы орайда өте маңызды үрдіс. Даярлау тактикаларын жыл сайын жаңартып отырып, осал тұстарды жоюға тырысу да бапкерге байланысты. Тактикаларды жаңарту үрдісіне тек бапкер ғана емес спорт федерациясы да атсалысып жасөспірімдердің барлық жағдайларын ескере отырып, жасалған даярлық өз жемісін береріне кәміл сенемін.