Футбол тарихы
II.Негізгі бөлім: а) Футбол ережелері
б) Ойыншылардың қозғалысы мен әдіс-тәсілдері
в) Футбол ойнаудағы дене дайындығы
III.Қорытынды
Кіріспе: Футбол тарихы Футболдың шығу тегі өте ерте кезеңге жатады. Ежелгі гректер доппен ойнауды аса үлкен құрмет тұтқаны соншалық, оны дене шынықтыру жаттығуларының жоспарына енгізген. Қазіргі заманғы футболдың ерте замандардағы ойындардың дәл қайсысынан шыққандығын дөп басып айтуға дәлел жоқ.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап,«Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі. Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
Футбол ағылшын тілінен аударғанда football. Foot – табан, ball – доп деген мағынаны береді. Футбол – командалық спорттық доп ойыны. Ойын ұзындығы 100-110 метр, ені 64-75 метр болатын алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 метр 44 сантиметр, аралығы 7 метр 32 сантимерт қақпа жасалады. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 грамм, шеңбері 68-71 сантиметр. Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойынның 10-15 минут үзілісі болады, бір ойын матч деп аталады. Бір ойын 45 минутқа созылып, екі кезеңде өтеді. Өз алаңында қақпашыдан басқа ойыншыларға допты қолмен ұстауға болмайды. Әр команданың қолданатын айла тәсілі әр түрлі болады. Футбол командасы жаттығуы кезінде әр түрлі әдічтерге машықтанады. Қазақстанда футбол сексиясы халықаралық футбол федерациясына мүше. Қазақстанда футюолдан әртүрлі кубок және біріншіліктер үшін жарыстар өткізіліп тұрады. Олимпиада ойындарына, турнирлерге қатысып келеді. Республикадағы «Қайрат» командасы жоғарғы орында. Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді.Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды.Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын “Жарыс” командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған.1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді.Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі.