Реферат тақырыбы: Гимнастика жалпы дамыту жаттығулары Орындаған: м-20-1 студенті Сарсанова С. Б. Тексерген: Әкім А. А



бет4/4
Дата24.11.2023
өлшемі193,84 Kb.
#125432
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
гимнастика жалпы дамыту жаттығулары реферат

Қорытынды
Адамға жетіспей жүрген қозғалыс қимылдарын толықтыру үшін сан алуан жаттығулардан құралған дене шынықтыру сабақтарымен тұрақты түрде шұғылдану керек. Әрине, мұнда адамның жынысы, жасы денсаулық деңгейі ескерілуі тиіс.Дене шынықтырумен айналысудың ең қолайлы тәртібі мынадай: таңертең гимнастика, күндіз немесе кешке (күн сайын немесе кейбір қолайлы күндері)— негізгі дене дайындығы. Әдетте, күндіз көп адамдардың уақыты бола бермейтіндіктен, дене шынықтырумен шұғылданудың басым көпшілігі таңертеңгі сағаттарға арналған. Бұларды гимнастикалық жаттығу деп айтуға болады. Жаттығудың ең басты шарты — кез келген таңертеңгілік гимнастикадан кейін адам шаршамауы тиіс, әйтпесе оның жұмыс істеу қабілеті тиісті дәрежеде болмайды. Сондықтан бұл жаттығуларды орындау кезінде түсетін күш сол адамның денсаулығына және басқа шарттарға сәйкес болғаны дұрыс. Кез келген дені сау адам секірулердің орнына, оның ұзақтығын бірте-бірте ұлғайта отырып, жеңіл жүгірісті қоса алады. Жүйелі жаттығулардың санын әрбір тараудан екі жаттығудан орындау арқылы, біртіндеп көбейтуге болады. Алғашқы жаттығулар жеңілірек болғаны жөн. Ерлер кейбір жаттығуларды гантель көтеріп жасауларына болады. Бұған қол бос болатын жаттығулар сәйкес келеді. Әйелдер жота бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларға ерекше көңіл аударғандары дұрыс. Өйткені олардың бұлшық еттерінің бұл бөлігі көбіне нашар дамыған, ал мұның өзі кеуде клеткасының жылжымалылығын және іш бұлшық еттерінің нашарлауын тудырады, сондай-ақ тұлғасының сиықсыздануына әкеліп соғады.
Алғашында қосымша жаттығулар негізгі жаттығуларды орындауға кететін уақыттың есебінен алынады, өйткені гимнастиканың жалпы мөлшері 10 минуттай аспауға тиіс. Дене жаттыққан сайын әрбір жаттығуды қайталау саны көбейтіліп, жалпы уақыт 15—20 минутқа дейін жеткізіледі. Мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін дене тәрбиесінің негізгі мақсаты олардың қозғалыстарының бағыттарын анықтау, қозғалысқа икемділіктерін арттыру болғандықтан, оларға арналған жаттығулардың жиі ауыстырылып тұрғаны жөн.Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіру үшін мынадай жаттығулар өте пайдалы допты лақтырып жіберіп, қайтадан ұстап алу; допты бір қолдан екінші қолға лақтырып ойнау; 180 және 360 градусқа айналып барып, екі жаққа кезек секіру, екі аяққа алма-кезек салмақ сала еңкею қимылдарын жасау, «жатқан күйде» қолды желкеге қарай жіберу, шалқадан жатып бір қырымен етпеттеп (қолдың көмегінсіз) аунап түсу. Осындай екі-үш жаттығу таңертеңгі гимнастикада міндетті түрде орындалуға тиіс. Гимнастикамен ауасы тазартылған бөлмеле, ал жаз айларында таза ау ада, далада шұғылданған жөн. Киім жеңіл болғаны дұрыс. Гимнастикадан кейін су процедурасын қабылдау керек.
Бұлшық еттердің кернеуі (жиырылуы) мен босаңсуы алмасқан кезде, олар жүректің мейірімді көмекшісі ретінде қан жүргізетін насос ретінде іске асады.Ерікті гимнастика жатып, немесе отырып, тіпті тік тұрып та үйде, жұмыста, мектепте, кез келген транспортта (көлікте) де жасай беруі болады. Ол кездегі оқушы жастар тәулігіне 2 сағат телевизор алдында уақытын өткізеді.Ол кейбіреулер үшін эпидемия ауыруы сияқты бағыт алған. Компьютерде ойнамаса меңіреу болып жүретін оқушыларды да байқаймыз. Компьютерге айналып сабақ оқымайтын болды.Ол дағдыға айналып кетті. Оқушылардың тыныс алуы терең бір қалыпта болуы керек. Кезекпе-кезек 3 секунд аралықпен мойын бұлшық еттерін төменде жоғары кернеңіз. Ең тиімді жері бұлшық еттер кернеуі алмасқан кезде бөлінеді. Цикл санын бұлшық еттердің әр тобын шыққанда 5- тен 10-ға дейін келеді.Сондай-ақ, бірыңғай сақиналы бұлшық еттер гимнастикасы да валеологияда роль атқарады. Бұл тік ішек, қуық, жыныс органдарыгың сфинктері.Тік ішекті ішке тарта және төменге түсіре жүріп, қуық түбі безіндегі қанның жиналуын, қабыну үрдесінің алдын алуға болатын валеологиялық тәсіл.
Қолданылған әдебиеттер

    1. А.Қ. Мазов. Салауатты өмір тіршілігін және шынығу. (оқу әдістемелік құрал). Тараз. 2002. ТарМУ

    2. Акрамов Ж.А, Мусаев Б.Б Совершенствование гимнастики в системе базового образования в ИФК. «Спорт фанга» №2, 2009 ж

    3. Воропаев В.В. « Краткий курс гимнастики» Москва 2008

    4. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. – М.: Физкультура и спорт, 1991 ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет