Реферат тақырыбы: «Индий элементі»


 Рокезит CuInS2 - //



бет3/5
Дата04.11.2023
өлшемі41,83 Kb.
#122148
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Индий

2. Рокезит

CuInS2

- //

3. Сакуранит

(CuZnFe)3InS4

- // -

4. Патрукит

(Cu,Fe,Zn)2(Sn,In)S4

- // -

5. Интерметаллид йиксуит

PtIn

- // -

6. Джалиндит

In(OH)3

- // -

7. Цилиндрит

Pb3Sn4Sb2S14

0,1–1% In

8. Франкеит

Pb5Sn3Sb2S14

до 0,1% In

9. Сфалерит

ZnS

0,1–1% In

10. Халькопирит

CuFeS2

0,05–0,1% In

11. Борнит

Cu3FeS3

0,01–0,05% In

    1. ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Индий – жылтыраған ақ металл, ауада ұзақ сақтағанда тіпті балқыған күйінде де күңгірттенбейді. Индий өте жұмсақ және созылғыш. Оның қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1-ден аз ғана үлкен (одан тек тальк қана жұмсақ), сондықтан индий өзегін қағаз бетімен жүргізгенде ол онда сұр із қалдырады. Индий таза алтыннан 20 есе жұмсақ және ол тырнақпен оңай сызылады, ал оның созылуға карсылығы қорғасынмен салыстырғанда 6 есе аз. 800 °С-тан жоғары температурада индий ауада көк-күлгінді жалынмен жанып, индий(ІІІ) оксидін түзеді:


2In + 3O2 = 2In2O3.
Оттек қатысында ол суда баяу коррозияланып гидроксид түзеді:
4In + 3O2 + 6H2O = 4In(OH)3.
Сұйытылған қышқылдарда суықта әлсіз, ал қыздырғанда анағұрлым жақсы ериді. Галоген сутекті қышқылдарда жақсы ериді (НҒ-да – тотықтырғыш қатысында):
2In + 6HCl = 2InCl3 + 3H2­,
2In + 6HF + 3H2O2 = 2InF3 + 6H2O.
Индийдің концентрлі күкірт қышқылымен суықта әрекеттесуі сутек, ал қыздырғанда – күкірттің диоксиді бөлініп жүреді. Қосылған қышқылдың мөлшеріне байланысты қалыпты сульфат не комплексті қышқыл түзілуі мүмкін:
2In + 6H2SO4 = In2(SO4)3 + 3SO2­+ 6H2O (қыздырғанда)
In + 2H2SO4 + 3,5H2O = HIn(SO4)2·3,5H2O¯ + 2H2­ (суықта).
Индий концентрациясы әр түрлі азот қышқылында нитрат түзіп әрекеттеседі:
In + 4HNO3 = In(NO3)3 + NO­ + 2H2O.
Индий сірке қышқылымен әрекеттеспейді, бірақ қымыздық қышқылында ериді:
2In + 6H2C2O4 = 2H3[In(C2O4)3] + 3H2­.
Галогендермен аздап қыздырғанда тригалогенидтер түзіледі:
2In+3X2 = 2InX3 (X = F, Cl, Br, I).
Индийді 1000 °С-та күкіртті сутекпен әрекеттестіріп немесе индий мен күкіртті стехиометриялық қатынаста СО2 атмосферасында балқытып индийдің(I) сульфидін алуға болады:
In + H2S = In2S + H2 (1000 °С),
2In + S = In2S.
Аз мөлшерде индий тас көмірдің күлінде, кейбір мұнайларда (2,2·10–6% In), теңіз ((0,02–7)·10–10% In) және жаңбыр суында ((0,002–2)·10–7%) кездеседі. Индийдің ғаламдағы жалпы мөлшері 3·10–10%(масс.) немесе 3·10–12 %(ат.) деп бағаланады



    1. ИНДИЙДІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Индий өзінің қосылыстарында 0-ден +3-ке дейінгі барлық тотығу дәрәжелерінде бола алады. Бір валентті индий қосылыстары бүгінде жақсы зерттелген, бірақ та тек үшвалентті индий қосылыстарының ғана практикалық маңызы бар, олар анағұрлым тұрақты және кең тараған.


Индий(III) оксиді In2O3 – сарғыш не жасылдау-сары кристалдар, тығыздығы 7180 кг/м3. Балқу температурасы 1910 °С. Металдық индийді оттегімен тотықтыру, индийдің нитратын не гидроксидін ыдырату арқылы алынады:
In(OH)3 = In2O3 + H2O­,
4In(NO3)3 = 2In2O3 + 12NO2­ + 3O2­.

Индий оксиді электрөткізгіш элемент ретінде кең қолданылады.


Индийдің пниктогенидтері. Пниктогенидтер – индийдің периодты жүйенің V тобының негізгі топшасы элементтерімен (висмуттан басқасы) түзетін қосылыстары, олар жартылай өткізгіштік қасиетке ие. Фосфор, мышьяк және сурьмамен индий бір-бірден стехиометрлік қосылыс түзеді – InP (фосфид), InAs (арсенид) және InSb (антимонид).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет