Қолданылуы:
Микроэлектроникада германий мен кремнийге акцепторлы қоспа ретінде қолданылады.
Сұйықкристалды экрандардың шынысын өндіруде қолданылады.
Оңай балқығыш дәнекердің құрамдас бөлігі. Көптеген материалға қатысты жоғары адгезиялық қасиет көрсетіп, мысалы, металл мен шыныны дәнекерлеуге мүмкіндік береді.
Айналардың, мысалы, автомобиль фараларының, бетін қаптау үшін қолданылады. Бұндай айналардың күміспен қапталғандармен салыстырғандағы шағылыстыру қабілеттілігі кем емес, ал атмосфераның әсеріне төзімділігі – жоғары болады.
Фотоэлементтер материалы ретінде.
Люминесцентті материал ретінде.
Дизельді қозғалтқыштардың алюминийлі поршендерінің қажалып тозуын төмендету мақсатында оларды қаптау (жабу) үшін.
Индий арсениді жоғары температуралы, тиімділігі өте жоғары термоэлектрлі материал ретінде пайдаланылады. Оның тиімділігін арттыру үшін ол көп жағдайда 10 % индий фосфидімен легирленеді.
Индий изотоптары (111In және 113mIn) радиофармацевтикалық препараттар ретінде қолданылады.
Индий изотопы 115In бастапқы энергиясы 120 кэВ дәрежесіндегі электронды нейтриноны детектрлеу үшін ұсынылған: 115In + νe → 115Sn+e−+2γ.
Термопараларды градуирлеу мақсатында пайдалануға болады.
Индий-сынап оксиді электрохимиялық жүйесі меншікті электр сиымдылығы жоғары, уақыт бойынша өте тұрақты ток көздерін (аккумуляторларын) жасауға қолданылады. Индийді қолданудың маңызды аймағы - жоғары вакуумды техника, онда ол нығыздағыш (төсенішке, қаптауға) ретінде, мысалы, космостық аппараттар мен элементарлы бөлшектердің қуатты үдеткіштерін герметикалауда қолданылады.
Индийдің күміспен құймалары күкіртсутектің әсеріне сезімтал емес және олар жоғары сапалы шағылыстыратын беттер жасауда пайдаланылады. Индийдің галлий, қалайы және мырышпен құймалары комнаталы температурада сұйық күйде болады (олардың біреусі +3 °C балқиды) және оларды сұйықметалды жылу тасымалдағыш ретінде қолдануға болады.
Индийдің жылу нейтрондарын іліп әкету қимасы өте жоғары болғандықтан ол атомды реакторларда қолданысқа ие. Мысалы, индий оксиді атомды техникада жылу нейтрондарын сіңіру үшін пайдаланылатын шыны жасауда қолданылады. Бұндай шынының ең кең тараған құрамы – бор оксиді (33%), кадмий оксиді (55%), индий оксиді (12%).
Достарыңызбен бөлісу: |