Реферат тақырыбы: «Индий элементі»


Индийдің биологиялық рөлі



бет5/5
Дата04.11.2023
өлшемі41,83 Kb.
#122148
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Индий

Индийдің биологиялық рөлі:
Индийдің биологиялық ролі жөнінде мәліметтер өте аз. Белгілісі – оның аз мөлшерде тіс жамылғысында болуы және сау тістермен салыстырғанда ауыратын тістерде (кариозды) оның концентрациясының біршама төмен болуы. Индийдің токсикологиясы жөніндегі мәліметтер де көп емес: асқазанға және күретамыр арқылы ішке түскенде индий аз уытты болады. Индий шаңы зиянды. Индийдің ауадағы ШРК 0,1 мг/м3 (АҚШ) и 4 мг/м3 (Ресей).


Металды өнеркәсіптік алу және индий нарығы:
Соңғы жылдары индийдің әлемдік тұтынуы тез өсуде және ол 2005 жылы 850 тоннаға жетті. Ин.дий мырыш, қорғасын және қалдайы өндірісінің қалдықтары мен аралық өнімдерінен алынады. Индийдің негізгі бөлігі қорғасын-мырыш кендерінен (70–75%), ал аз ғана бөлігі қалайы кендерінен (10–15%) өндіріледі. Индийді бөліп шығару сызбанұсқалары күрделі және көп сатылы: бастапқы шикізаттан индий концентраты, ал концентраттан – қарал металл өндіріледі, содан соң ол рафинирленеді. Бастапқы шикізат күкірт қышқылымен өңделіп, индий ерітіндіге көшіріледі, одан гидролиттік тұндыру арқылы концентрат алынады. Концентраттан қара металл мырыш және алюминиймен цементациялау арқылы бөліп шығарылады. Бұл мақсатта экстракция және ионалмасу әдістері де қолданылады. Рафинирлеу үшін әр түрлі әдістер, мысалы, зонналық қорыту әдісі пайдаланылады.
Бүгінгі күні индийдің әлемдік қоры жөнінде анық мәліметтер жоқ, өйткені оны бөліп алу әруақыт мырыш кендерін қайта өндеумен байланысты. Жуық бағалау бойынша (United States Geological Surveys: маусым 2004ж.) индийдің барланған кендерінің әлемдік қоры металға есептегенде 2,5·103 тонна, ал барланбаған қорларын ескергенде ол – 6·103 тонна металды құрайды. Индий қорының мөлшері бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында Канада (әлемдік қордың 30%), Қытай және АҚШ (әлемдік қордың 10%) бар. 1 кг индийдің бағасы 2006 ж. 700$ болды.
Біздің республиканың индийді Шығыс-, Оңтүстік Казақстан және Алматы облыстарының полиметалды кен орындарынан өндіріп бөліп шығаруда үлкен мүмкіндіктері бар. 1999 жылы экспортталған индийдің көлемі 0,2 т ( 33,9 мың долл.) және ол 2000 ж. 0,4 т (52,9 мың долл.) болғанын ескерсек, бұны тек отандық экономиканың индий нарығындағы өз орнын табудағы алғашқы бастамасы деп есептеуге болады. Тазалығы жоғары қорғасын мен мырыш өндіруді үлкен көлемде іске асырумен қатар бұл металды да көп мөлшерде бөліп алуға болады

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Фигуровский Н.А. Открытие элементов и происхождение их названий. М., Наука, 1970.

  2. Химия и технология редких и рассеянных элементов, т.1. Под. ред. К.А. Большакова. М., 1976.

  3. Химическая энциклопедия: в 5 т.. Редкол.:Кнунянц И. Л. (гл. ред.) — Москва: Советская энциклопедия, 1990. — Т.2. — С.226. — 671с.

  4. Популярная библиотека химических элементов. Под. ред. Петрянова-Соколова И.В. М., 1983.

  5. Федоров П.И., Акчурин Р.Х. Индий. М., 2000.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет