2.Негізгі бөлім 2.1Интернеттегі мамандық профилі бойынша ақпаратты іздеу. Ақпаратты іздеу - қайсыбір құжаттар жиынынан берілген тақырыпқа арналғандарын, алдын ала анықталған іздеу (сұраныс) шарттарын қанағаттандыратын немесе қажетті (ақпараттық қажеттілікке сай) мәліметтерден тұратын құжаттарды табу үдерісі.Іздеуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жинауға, өңдеуге және ұсынуға бағытталған амалдар тізбегін орындау керек. Бірқатар университеттер және кітапханалар ақпараттық іздеу жүйесін кітапты, журналды және басқа құжаттарды алды қаматамасыз ету үшін пайдаланды. Ақпараттық іздеу жүйесінің кеңінен таралуы Интернет желісінің пайда болуымен тығызбайланысты болды. Орыс тілді пайдаланушыларда Google, Яндекс және Рамблер іздеу жүйелері пайдаланылады.
Іздеу жүйесі – бұл өздеріңе кездесетін web-парақтармен байланысты түйін сөздердің үлкен қоры. Іздеу жүйесіне сұраныс жіберу керек. Ол үшін, іздеу жүйесінің іздеу жолында түйін сөз немесе бірнеше сөз, сөз тіркесі теріледі. Іздеу нәтижесінде терілген сөздер мен сөз тіркестері кездесетін барлық web-парақтардың адрестік сілтемелері беріледі. Тұтынушы іріктеу нәтижесінде неғұрлым дәл сұраныс жасаса, ол соғұрлым толық және дәл ақпарат алады. Іздеу үдерісі барысында қолданушыға іздеген, қажет ететін ақпараттан артық ақпарат ұсынылуы мүмкін. Сондай-ақ, табылған ақпараттың қайсыбір бөлігінің жасалған сұранысқа ешқандай қатысы болмауы да ықтимал. Мұның бәрі дәл тұжырымдалған сұранысқа ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі болып келетін іздеу жүйелерінің мүмкіндіктеріне де тәуелді болады. Тағы бір еске алатын нәрсе, мәліметтердің көптігінен, басты, өзімізге қажеттісін ескермей қалуымыз да мүмкін.Іздеу жүйелерінің көптілді қолдау мүмкіндігі, яғни, сұраныстарды түрлі тілде өңдеу қабілеттілігі, көбінесе мәтіннің фрагменттерін тез аудару үшін қолданылады. Қолданушыларға екі тілді сөздіктер, электронды аудармашы және т.б. ұсынылады.Алайда, іздеу жүйелері үш бөліктен: робот, индекс және сұранысты өңдеу программасынан тұрады.
Робот – бұл web-парақтарды аралап, олардың мазмұнын (толығымен немесе бөліктерге бөліп) оқитын программа.Роботтар web-парақ мәліметтерін толығымен немесе ішінара оқиды. Web-парақтардың мазмұнын талдауда әртүрлі іздеу жүйесіндегі роботтардың өзіндік принципі бар.
Индекс – бұл үлкен мәліметтермұрағатынан да үлкен. Бұл мұрағатта роботтар қатынасқан барлық web-парақтар туралы ақпараттар және сол парақтардың көшірмелері сақталады. Әрине іздеу жүйесіндегі индекстер көлемі үлкен болуы қажет. Неғұрлым индекс көлемі үлкен болған сайын, соғұрлым қолданушы іздеу барысында толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Көшбасшы іздеу жүйелерінің мәліметтер қорлары ондаған миллион құжат туралы мәліметтер сақтай алады, ал олардың индекстерінің көлемі жүздеген гигабайтты құрайды. Индекстер тұрақты жаңартылып және толықтырылып отыратындықтан, іздеу жүйесінің бірдей сұраныс бойынша әр уақытта жүргізген іздеу жұмыстары әртүрлі нәтиже беруі мүмкін.
Іздеу ідәстеріне адрестік, семантикалық, құжаттық және фактографилық іздеулерді жатқызуға болады.