Адресбойынша іздеу – сұраныстағы көрсетілген таза формалды белгілер бойынша құжаттарды іздеу үдерісі.
Семантикалық іздеу – құжаттарды олардың мазмұны бойынша іздеу үдерісі.
Құжаттық іздеу – бірінші деңгейлі құжаттардың ақпараттық – іздеу жүйесінің мәліметтер қоймасынан немесе қосымша құжаттардың мәліметтер қорынан қолданушының сұранысына сәйкес іздеу үдерісі.
Фактографиялық іздеу – фактілерді ақпараттық сұранысқа сай іздеу үдерісі.
Фактографиялық мәліметтерге құжаттан ажыратылып алынатын және тікелей пайда болу көздерінен алынатын мәліметтер жатады.
Ақпаратты іздеу үшін халық көбіне Интернет пен ақпараттық жүйелерді қолданады. Интернетте ақпаратты іздеу барысында сендер іздеу жүйесінің сұраныстарына сәйкес сайттарға сілтемелерді рет – ретімен іріктеп қоятынын байқаған боларсыңдар. Әдетте сұранысты өңдеу программасы, сұраныс мазмұнына сәйкес принципі бойынша сайттарды іріктейді. Басқа сөзбен айтқанда бірінші жолда, сұранысты өңдеу программасы сендерге қажетті ақпараттарды шығарады. Сондықтан берілген сілтемелерді көруді бірінші парақтан бастау қажет.
Метадеректер бойынша іздеу – құжаттың операциялық жүйе қолдайтын белгілі атрибуттар бойынша іздеу. Атрибуттарға құжаттардың атауын, құрылған датасын, көлемін және т.б. жатқызуға болады. Бұндай іздеуді сендер дискідегі файлдық жүйеде файл атауымен іздегенде қолданасыңдар.
Кескіндерді іздеу – суреттің мазмұны бойынша іздеу. Бұл іздеудің ең күрделі түрі, өйткені, файлдың атрибуты бойынша іздеуге қарағанда, кескінді пиксельге «бөлу» және оның мазмұнын анықтау қиынырақ болады. Іздеудің бұл түрінде, іздеу жүйесінде қолданушының жүктеген немесе URL-кескінге енгізілген кескіннің мазмұнын танып білу қажет. Қазіргі іздеу жүйелері мұндай қиындықтарды сәтті шешіп шығады және сұранысқа сәйкес кескінді береді.
2.2 Бұлтты деректерді сақтау “Бұлт” термині метафора ретінде қолданылады, компьютерлік желі интернет схемасының бастапқы көрінісі немесе күрделі инфраструктураның бір түрі, барлық техникалық құрылғыларда жасырын келеді. Оның жұмыс барысы - Информациялық желіде шығатын Интернет бұлтының бейнесін көрсетеді.