Темекі шегудің зиянды салдары. ДДСҰ мәліметтері бойынша,әлемде 1,7 млрд-тан астам адам шылым шегеді,олардың 47%-ы ерлер және 12%-ы әйелдер.Шылым шегу салдарынан жыл сайын әлемде 4 миллионға жуық адам қайтыс болады,яғни әрбір 9 секунд сайын 1 адамнан.Алматы қаласындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығының 1998 жылы өткізілген алғашқы зерттеулері бойынша,Қазақстан халқының үштен бірі шылым шегетіні анықталған.12-14 жас аралығындағы балаларда шылым шегу 10%,15-17 жас аралығындағы жеткіншектерде 21%,18-19 жастар арасындағыларда 32%,20-29 жастағыларда 39%,29-59 жастағы адамдарда 62%-ды құрайды.
Қазақстанда жыл сайын темекі шегу салдарынан пайда болған тыныс алу мүшелерінің және темекінің зиянды әсерлерінен пайда болған басқа да аурулардан 24 мың адам қайтыс болды.
Темекі өнімін Қазақстанда сегіз халықаралық темекі компаниялары шығарады және жыл сайын 9 мың тонна темекі өндіреді.Біздің республикамыздағы темекі компанияларының шамамен алғандағы табысының мөлшері 500 млн.доллр.
Темекінің адмға зияны туралы алғашқы деректер 1960-1961 жылдары шылым шегудің адам организміне әсерін ғылыми зерттеу нәтижелері басылымдарда шыға бастағаннан кейін ғана белгілі болды.Ғылымдар темекі түтінінде жүзден астам улы заттардың бар екендігін анықтаған.
Қазақстан 1998 жылдан бастап ²Темекіні таста да,оны жең²атты Дүниежүзілік акцияға қатысып келеді.Жыл сайын ондаған мың адамдар осы акцияға қатысып,жақсы нәтижелерге қатысып,жақсы нәтижелерге жетуге тырысуда.Жастардың бұл акцияға белсенді
қатысулары олардың темекі шегумен көрсетуге деген үлкен талпынысының бар екендігін көрсетеді.
Нашақорлық. Есірткі заттарына өсімдіктерден алынатын (гашиш,марихуана,анаша және басқалар)және химиялық алынатын (морфий,героин және т.б.)жатады.Есірткі заттары негізінен Ауғаныстан мен Тәжігкстанан әкелінеді,ал олар Қазақстанды есірткі заттарын басқа елдерге өткізуші тәрізді пайдаланады.Қазақстанның Шу өңірінің үлкен аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдік-сора өседі,оларды заңсыз жолмен көп мөлшерде жинап жасырын есіркі саудасымен айналысатындарға жеткізеді.Олар жастар мен жасөспірімдердің өмірін улайды.Есірткіге әуестену ең қауіпті және өлімге әкелетін қазіргі заманның ең қауіпті ауруы болып саналады.
Нашақорлық өз организмін бұзады,адамгершілік және психикалық тұрғыда азғындайды.Олар әлеуметтік тұрғыдағы мүгедектерге айналады,негізінен олар 30 жасқа жетпей артық мөлшерде қабылданған есіркіден немесе бақытсыз кездейсоқ жағдайдан,не өз-өзіне қол жұмсакдан өледі.Есіркіні қысқа мерзімде қолданудың өзінен-ақ тәуелділік пайда болалы,онан әрі мөлшерін көбейте отырып жүиелі түрде пайдалану керектігі туындайды.Мұндай қажеттілік есірткіні қабылдағаннан кейінгі пайда болатын ләззат күйінің пайда болуымен түсіндіріледі.
Бұл жағдай көңіл күйдің көтеріңкі,бей-жайлық,керемет жағдайдың елестеуі және т.б.ерекшеліктермен сипатталады.Есірткінің қауіптілігі мен зияндығы осыған байланысты,оны қолдана бастағаннан-ақ психикалық онда абстинетті синдром деп аталатын күй басталады.Бұл адамды қинайтын көптеген аурулар тудыра жүретін азапты жәбірлеу жағдайы.
Науқастардың өздерінің айтуы бойынша,бұл кезде естен ауысуғажақын күй пайда болады.Бұл аурудан құтылу үшін адам арнайы және ұзақ емделуі қажет одан кейін өз денсаулығын,одан кейін өз денсаулығын жедел қалпына келтіруге тырысуы қажет.
Әрбір нашақор бір жылда кемінде 10-нан астам адамды нашақорлыққа тартады,осылайша олар есірткі тұтынушылар қатарына көбейеді.
Нашақорлардың өмірі қысқа болады,шамамен есірткіні пайдалана бастағаннан кейін 3-5 жыл,сирек кезде 10 жылға ғана созылады.Есірткі заттарына әуестеніп алу тез болады,оны 2-3 рет қабылдау жеткілікті.Сондықтанда ешқашан,ешқандай жағдайда есірткі және есеңгіретуші заттарды қабылдамауы есте сақтау қажет.