Реферат тақырыбы: Жануарларды азықтандыру және азығына қойылатын жалпы зоогигиеналық талаптар. Орындаған:Әбдібай Аружан



бет1/4
Дата28.02.2023
өлшемі206,87 Kb.
#70484
түріРеферат
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
Ветеринариялық санитариялық сараптама және гигиена кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жануарларды азықтандыру және азығына қойылатын жалпы зоогигиеналық талаптар.

Орындаған:Әбдібай Аружан
Оқу тобы: ВМ 20-05
Қабылдаған:Тұрдық Е.
Алматы 2022


Жоспары:
І . Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Азықтарға қойылатын зоогигиеналық талаптар.
2.2.Малдың азықтан болатын ауруларының алдын алу.
2.3. Азықтың сапасын бағалау.
ІІІ.Қорытынды бөлім.
IY.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
Азықтың санитарлық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу жүргізіледі. Өңдеудің ең қарапайым түрі жем – шөпті дайындау барысында кептіру, яғни қоректік заттарының бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған микробиологиялық өзгерістерге негізделген. Жем – шөпті сақтауға негізінен кептіру жағдайда қышқыл орта орнатуды қолданады. Мұндай өңдеуден өткен азықта саңырауқұлақ өсіп - өнбейді, олар микотоксин, түзбейді. Дайындалған азықтың сапасын сақтаудың ең тиімді жолы оның ылғалдылығын жоғарлатпау болып табылады. Егер ылғалдылығы жоғары болып торшалық тыныстану толастамаса, қоректік заттар ыдырауынан пішеннің ішкі қызуы 30-50 градус асып, онда микробиологиялық үрдіс өрістейді.
Азықтың санитариялық сапасын жақсарту үшін және қызу процесін болдырмау ретінде, шаруашылықта термикалық өңдеу жиі қолданылып келеді. Мұндай өңдеу біріншіден азықты зарарсыздандырады, екіншіден азықты зиянкестерден тазартуға қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет