Реферат тақырыбы: Жануарларды азықтандыру және азығына қойылатын жалпы зоогигиеналық талаптар. Орындаған:Әбдібай Аружан



бет2/4
Дата28.02.2023
өлшемі206,87 Kb.
#70484
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
гигиена аруша

Негізгі бөлім.
2.1. Азықтарға қойылатын зоогигиеналық талаптар.
Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Биотикалық патогендерге жататындар: бактериалдық сібір жарасы, сіреспе, сүзек және т.б. және вирустық аусыл, вирустық гепатиттер және т.б., жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурулардың қоздырғыштары фасциолез, диктикаулез және т.б.; микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар аспергиллез, фузариоз және т.б.
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы және т.б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және т.б.), химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің көп немесе аз болуы) және ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді.
Азықтардың тепе-теңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организімін стресстік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресстер деп аталады.
Азықтық заттар екі топқа бөлінеді: табиғи және синтетикалық.
Табиғи азықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес және жануар тектес болып бөлінеді, ал синтетикалық азықтар химиялық және микробиологиялық жолдармен синтезделіп алынған деп бөлінеді.
Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығы, сапалылығы, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі.
Азықтың зияндылығы малда ауру тудыратын, оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы, улануы, токсикоинфекциялардың туындауы, аллергияның пайда болуы, гармоналдық функцияның бұзылуы және т.б. зиянды заттардың болуымен сипатталады. Азықтың улылығы қоршаған ортадан түсетін улы химиялық заттардың болуына минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер т.б. және азықтың өзінде пайда болатын улы өсімдіктер және т.б., сонымен қатар бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін метаболикалық удың түзілуімен байланысты болуы мүмкін.
Азық құрамында болатын кейбір заттар ұрықтандырылған эмбрионға теріс әсерін тигізіп, эмбриотоксиндік не тератогендік кемістікті тударады. Канцерогенді және онкогенді қасиеті бар заттардың көп мөлшері ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады. Химиялық канцерогендерге азот қосылыстарын нитриттер, нитрозаминдер және т.б., кейбір саңырауқұлақтың метоболиттері (афлотоксин, стеригматоцистин), формальдегид және т.б. жатады.
Химиялық әдістер азықтың құнарлылық бағасын, былайша айтқанда, әр түрлі минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің болуын зерттейді. Атап айтқанда, азықта мына көрсеткіштер анықталады: рН, қышқылдылық, сілтілік және т.б. Осы зерттеулердің нәтижесінде азықпен уланудың немесе зат алмасудың бұзылу себептерін анықтайды.
Ветеринариялық-биологиялық тәсілдерге мал мен лабораториялық жануарлардан микробиологиялық, санитариялық микологиялық, гельминтологиялық, паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады.
Азық сапасын зерттеудің осы айтылған жан-жақты кешенді зерттеу жиынтығы жемнің сапасына деген күдік туғызғанда, шығу тегі белгісіз болса, жаңадан азықтық заттар өндірілсе, түлік арасында этиологиясы анықталмаған ауру шықса не азықтың мал өнімділігіне, денсаулығына, сондай ақ мал өнімдерінің сапасына тигізетін әсерін анықтау үшін қажет.
Азықтарды қауіпсіздігі бойынша тексеруді мемлекеттік малдәрігерлік зертханалар, аккредитациядан өткен зертханалар, азық дайындайтын өндіріс орындары 3 айда 1 рет тексеріп отырады.
Қазақстан Республикасы аумағында асыл тұқымды мал өсіру кезінде құрамында өсуді қамтамасыз ететін гормональды препараттары, тиреостатиктерді және антибиотиктері бар азықтарды дайындауға және қолдануға болмайды.
Емдік рациондар. Мал организміне емдік және азықтан болатын аурудың алдын алу үшін малды диеталық азықтандыру тәртібі ұйымдастырылады. Бұл басқа да барлық емдеу мәселелеріне қолайлы жағдайды және бір органға ғана емес, бәрінен бұрын организмнің жалпы жағдайына, оның нейрогуморальды реттелуіне әсер етеді. Бұл кезде мал ауруының себептері мен патогенезі, малдың жағдайы, тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы мен өнімділігі ескерілуі тиіс.
Диеталық рационға малды көшіретін кезде оның организмінің физиологиясын, азықтандыру гигиенасының ерекшеліктері негізі ескеріледі. Мұндай жұмысты ұйымдастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру керек: рационға малдың тәбетін ашатын түрлі, дәмдік сапасы да жоғары азық енгізіледі; рационға ауру мал организмі сіңіре алатын барлық қажетті қоректік заттар енгізілуі тиіс; диеталық азықтандыру мал түлігіне, жасына және физиологиялық ерекшеліктеріне сай келуі керек; әрбір жеке жағдайда диеталық емдеу белгілену кезінде азықтандыру, норма тәртібі, азық беру және суару мезгілі де белгіленіп қатаң сақталады.

Ауру малдарды емдік диетадан күнделікті рационға бірте бірте аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін 7-10 күннен соң ғана ауыстырылады. Қазіргі кезде мал шаруашылығында малдың өсуі мен кейбір аурулардан сақтандыру мақсатында азықтың қосымша бөлігі ретінде химиялық, микробиологиялық және басқада пробиотикалық заттар қолданылады.


Жем-шөп мал организіміне сыртқы ортадан бірден бір протеин жеткізуші. Құнарлы протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі, әсіресе альбуминдік фракция синтезі төмендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру процесстері тежеледі, олардың қорғаныш қызметі әлсірейді. Құнарсыз протеин қолданылса асқазан ішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына әкеп соқтырады. Бұған, әсіресе шошқа мен құс төзімсіз.Белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен қатар жалпы зат алмасудың бұзылуына да ұрындырады.
Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін алмастырылмайтын синтетикалық амин қышқылдарын беру керек. Кейбір май қышқылдары липолен, арахидон және линолен малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне қажет. Сондықтан олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруы керек. Азықта май жетіспесе организмге майда еритін витаминдер А,Д , К және Е жетіспеушілігі туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет