Реферат тақырыбы: Жануарларды азықтандыру және азығына қойылатын жалпы зоогигиеналық талаптар. Орындаған:Әбдібай Аружан


Малдың азықтан болатын ауруларының алдын алу



бет3/4
Дата28.02.2023
өлшемі206,87 Kb.
#70484
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
гигиена аруша

2.2. Малдың азықтан болатын ауруларының алдын алу.
Сапасыз азық беру мал арасында көптеген аурудың, соның ішінде індетті және инвазиялық аурулардың таралуына себепші болады. Кейбір жағдайларда сапасыз азық малдың жарақаттануына да әкеліп соқтырады. өйткені, олардың ішіндегі өсімдіктің қатты өзектері, үшкір металл заттар, шыны болуы мүмкін, қатып қалған, ыстық азық асқазан ішек жолын ауруға шалдықтырады. Азықтан улануды минералды, синтетикалық, органикалық және өсімдік улары тудырады.
Азықтан жарақаттану деп азықпен бірге түскен бөгде заттардың малдың асқазан ішек жолын зақымдануын айтамыз. Ондай бөгде заттарға пішен және сабан байлайтын сым, шеге және тағы басқа металл заттар, шыны, құм, қиыршық тас жатады. Патологиялық процесс металлдың өздігінен өтуімен шектелуі мүмкін не бөгде зат жылжып шақпақ ет диагфрагма, жүректің үлпершегін перикард, жалбыршақ, тақия қарын және т.б. ішкі органдарды жарақаттануы мүмкін. Олар тереңге жаралап кіріп кетсе, соның салдарынан іріңдейді де көпке дейін жазылмай қояды. Сол бөгде заттармен бірге немесе жара арқылы ұлпаға актиномикоз қоздырғышының енуі де ғажап емес.
Аталған жарақаттанудың экономикалық зияны едәуір. Мұндай жағдайға тап болған малдың 30% мезгілінен бұрын қатардан шығады. Ал олардың еті жарым жартылай құнсызданады. Сондықтан тұтас азықтардың масағы да, өзектері де тиісті өңдеуден өткізілуі тиіс.
Азық топырақ, құм, лаймен ластанса ол азықпен малды азықтандыруға болмайды. Мұндай азық малдың ас қорыту жолын бітеп, асқазан ішек жолдарының ауруларын таратады. Бұл кезде малдың тәбеті қашады, іші кебеді, сүт шығымы азаяды. Кейбір жағдайда мал өліп те қалады. Мұндай азықты жеген жылқының ішегінде, әсіресе бүйенінде кейде қартасында құм мен топырақ көп жиналады. Осының салдарынан жем жүрмейді, ішек түйіледі, ішек парезіне, кілегей қабықтың некрозына шалдығады, жылқы өлімі де жиі болады.
Сиырды ұнтақталған жеммен көп мөлшерде азықтандырса, оның сүтінің майлылығы айтарлықтай дәрежеде төмендейді. Тоңазыған немесе қатып қалған азықпен жемдеген малдың ас қорыту жолы мен жатырының бұлшық еттері жиырылып, қызметі өзгереді. Малды аса ыстық азықпен азықтандыруға болмайды. Мұндай азық аш шошқа ашқарақтап жегенде олардың ауыз уылуы стоматит, өңеш пен асқазанның қабынуы секілді ауру шығады.
Профилактикалық шаралар.
Азықта түрлі механикалық қоспалар болмас үшін оны жинаған, тасыған және сақтаған кезде қадағалап отыру керек. Металл қалдықтарын, сымның үзіктерін азық сақтайтын орынға, өріс жайылымға, мал фермасының территориясына шашуға , тастауға, малды құрылыс, қойма, шеберхана маңайына жаюға, престеліп сыммен буылған пішен мен сабан бауларын балтамен шабуға болмайды. Ластанған пішенді малға берер алдында мұқият қағу керек. Ал жем, кебек, күнжара және т.б. елеуішпен елеген дұрыс.
Қазіргі нормаларға сай азықта минералды қоспалар мынандай мөлшерде болуы керек: дәнді жемде әрі кеткенде бір, шөп және қылқан жапырақ ұнында бірден артық емес, құрама жемде әрі кеткенде екі, пішеннің 1,2 және 3 класстарына сай әрі кеткенде тиісінше 0,3; 0,5 және 1%. Зоогигиеналық нормалар бойынша құрама жемде металл магниттік қоспалар мөлшері 0,5 мм-ге дейінгі бөлшектер 0,01 % артпауға тиіс.
Малды улы өсімдікпен улануының алдын алу шаралары.
Азықтың улылылығы құрамындағы улы және зиянды өсімдіктерге, сақтау кезінде улы заттардың болуына, микроорганизмдер, шыбын шіркей, т.б. зиянкестер тіршілігінің нәтижесінде токсиндердің жинақталуына, азықтың минералды, синтетикалық және басқа түрлі текті улармен ластануына бойланысты болады.
Өсімдіктің өніп өсуі кезеңіндегі улылық құрамы өзгеріп отырады. Олардың біреуі гүлдеу кезінде анағұрлым улы болады: желпілдек, су мия, түйежоңышқа, сарғалдақ. Кейбір өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі де, тамыры да, жер сабағы да қауіпті: уқорғасын, сасық қурай, кекіре, қырықбуын. Ал кейбіреулерінде улы заттар көбінесе тұқымына жиналады: сарбас, қарамықша, егістік, зығыр, люпин, самалдық. Құрамында алколоиды бар улы өсімдіктердің көбісі кептірген кезде улану қасиетін сақтап қалады, ал кейбіреуі сүрлегенде де қасиетін жоймайды. Алкалоидтар дегеніміз көмірсу, сутегі, азот және оттегі атомдарынан тұратын

құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Олар көбінесе өсімдік текстес азықтардың құрамында көп болады және мал организміне өте қауіпті болып келеді.


Гликозидтер күрделі құрамы бар азоты жоқ органикалық қосылыстар. Олардың молекулалары көмірсудан және агликоннан тұрады. Өсімдіктерде флавон гликозидтері кездеседі.
Уланудың алдын алу шараларының ең бастысы шалғындар мен жайылымдарда улы өсімдіктерді жою. Ол үшін жайылымдар құрғатылады, әктеледі, гипстеледі, жыртылады, суландырылады, тағы басқа агрохимиялық тәсілдер қолданылады. Бұл тәсілдердің барлығы өсімдік сипатын өзгертуге мүмкіндік береді. Шөп еге отырып, тиісті ауыспалы егіс жүйесін енгізу, топырақты қажетті өңдеуден өткізу және тұқымды мұқият тазарту секілді шараларды жасаудың да маңызы зор.
Көптеген улы өсімдіктер ерте көктемде шығатындықтан ондай жайылымға малды пайдалы өсімдіктер жеткілікті мөлшерде өскенге дейін шығаруға болмайды.
Малдың улы өсімдіктермен улануының алдын алуда азықтың сапасын, олардың дайындалуын, тасымалдануын, сақталуы мен пайдалануын бақылаудың маңызы зор.
Улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасы. Кейбір жағдайларда мал сапалы азықтың өзінен де улануы мүмкін. Бұл азықты дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақтамау және т.б. кезінде усыз заттардан улы заттардың түзілуінен болады.
Азот сіңіруші өсімдіктер. Азықтық дақылдардың құрамындағы нитриттер қуаңшылық кезеңінде атмосфераның жағдайына байланысты (күннің ысуы, температураның төмендеуі) топырақта молибден, күкірт, калий жетіспегенде, топырақтың қышқылдылығы мен тұздылығы артқанда, органикалық

тыңайтқыштарды көп пайдалағанда артады. Бұл кезде азоттық алмасу ферменттерінің нитритредуктаза мен нитратредуктазаладың белсенділігі белсенділігі күрт төмендейді. Азот тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізу салдарынан амин қышқылдары мен каротин синтезі төмендеп, өсімдіктің бөліктерінде белок емес азот, тератогендік, канцерогендік әсері бар улы нитрозаминдер жиналады.


Малдың нитраттармен улануының алдын алу үшін минералды азоттық тыңайтқыштардың мал жейтін азыққа, су көзіне түспейтіндей жағдайда сақтап, тасымалдап, дайындау керек.
Азықта нитраттар мен нитриттер, рұқсат етілетін шамадан асатын мөлшері кездессе олардың рационындағы және судағы құрамы рұқсат етілетін коэффициенттен асып кетпесе малға басқа сапалы жем шөппен қосып беруге болады. Малға берілетін азық көлемін есептегенде рациондағы және берілетін судағы нитраттардың тәуліктік мөлшері (г) дене массасының әр 1 кг: ірі қара мал үшін – 0,2; жылқы мен қой үшін – 0,4; үй қояны мен тауық үшін – 1,0.
Қоршаған ортаны минералды азоттық тыңайтқыштармен ластанудан қорғау жөніндегі бүкіл шараларды қатаң сақтау керек.
Мал азығының санитариялық сапасын жақсарту. Азықтың санитариялық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу жүргізіледі. өңдеудің қарапайым түрі шөпті дайындау барысында кептіру, консервілеу, ол қоректік заттардың бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған. Кейде мал азығының сапасын жақсарту үшін оларды химиялық жолмен консервілейді. Ол үшін пропион қышқылы, сірке суы, аскорбин және бензол қышқылдарын және т.б. заттарды қолдануға болады. Сонымен қатар азықтың санитариялық сапасын жақсарту мақсатында термиялық әдісте жиі қолданылады.
Малды азықтандырудың гигиеналық ережесі. Егер мал азық пен суды өз еркімен жүріп қабылдамаса, онда малды тәуліктік азықтандыру ережесін қатал

ұстап жүргізу керек. Малды азықтандыру ережесі мен деңгейі оның түріне, жынысына, жасына, шаруашылықтағы бағытына, физиологиялық жағдайына байланысты. Мысалы ірі қара малды азықтандыру тәулігіне 2-3 рет жиілікте, ал жас төлді жиі азықтандырады. Жұмысқа жегілетін атты азықтандыру және суаруды оның атқаратын жұмысына байланысты жүргізеді. Жылқыларға алдымен ірі, содан кейін шырынды, соңынан құрама азық беру керек. Ірі азық бергеннен кейін жылқыны суару керек.


2.3. Азықтың сапасын бағалау.


Азықтың сапасын бағалау, қарау әдісімен сақтау орнында(жерінде) жүргізіледі. Ал күдікті жағдайда азықтан сынама алып, талдау үшін зертханаға жібереді.
Ipi азықтарды (пішін, сабан) түciнe, иісіне, құрылымына, ылғалдылығына және механикалық қоспаларына (құм, тeмip заттар, шыны) қарайды, сонымен ботаникалық құрамын, сақырауқұлақтармен зақымдалуын зерттейді. Жақсы пішен және сабаннан жағымды иіс, ал бүлінгенде —шіріген, сасыған, көгерген және өзiнe тән емес түcтepi байқалады. Пішен және сабандардың ылғалдылығы 15% болса құрғақ, ал 17-20%-дан жоғары болса дымқыл деп саналады. Құрамында 10%-дан астам механикалық қоспалары бар азықты азықтандыруға жібермейді. Малды 1 % -дан артық улы өсімдігі бар пішенмен азықтандыруға рұқсат етілмейді. Жақсы сапалы сүрлем сол сүрлем жасалған өсімдік түсіндей болады. Кара-жасыл, қаралау-қоныр немесе қара түс — сапасы төмен сүрлем көрсеткіші. Сапасы жақсы сүрлем қош иісті болады, ал, сапасыз сүрлемде ciркe суының, ашыған майдың, шалғамның, тұздалған май шабақтың иісі шығып тұрады.
Жақсы сапалы пішендеме хош иісті, жидек иісті, жасыл немесе ашық коңыр түстi болады. Сапасы нашар пішендеме қара қоңыр немесе қара түстi, жағымсыз қи иісті. Ол үнeмi зеңсақырауқұлақтармен зақымдалған, азықтандыруға жарамсыз. Жемдік астық пен құрама жемнің қалыпты ылғалдылығы 12-15% . Жемдік астық құрамындағы зиянды қоспалар (улы өсімдіктер тұқымы, зеңсаңырауқұлақ және қаракүйе) 1 % -дан, орған шөп 8 % -дан көп болмауы керек.
Минералдың қоспалар (құм, топырақ) жемдік астықта0,1-0,2% -дан, құрама жем, ұн және кебекте 0,8%- дан аспауы тиіс. Жемдік астық, құрама жем және ұн жем зеңсақырауқұлақтармен зақымдалмаған болуы керек. Улағыштармен оңделген жемдік астықты азық peтiнде пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері: мал организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету; Мал азығындағы бүкіл қоректік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау; жақсы, дәмдәк сапасын сақтау; қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі ; жем –шөпте патогенді организмдердің, соның ішінде микроптардың, зиянды және улы заттардың болмауы. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда 0 мал арасында әртүрлі аурулар тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Биотекалық патогендерге жататындар: бактериялық (сібір жарасы, сіреспе,сүзек жәнет.б.) және вирустық жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурудың қоздырғыштары (фасциолез,диктикаулез және т.б.); микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар (аспергиллез, фузариоз және т.б.)
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы және т.б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және т.б.), химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және оргнаикалық

заттардың, витаминдердің аз немесе көп болуы және т.б) және ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді.


Азықтардың тепе - теңсіздігі жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организмін стрестік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресс факторлары деп аталады. Егер, организм кейбір маңызы зор қоректік заттарды жеткіліксіз немесе толық қабылдамаса жете азықтандырылмаған, жартылай немесе толық ашығады деген сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет