Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады. Анафилактикалық естен тану адамның уға, тағамға, дәріге тез аллергиялық реакция беру салдарынан болады. Мұндай реакция нәтижесінде қан тамырлары бұзылады, тыныс алу жолдары, беті, мойынында ісіну пайда болады, күретамыр қан қысымы тез төмендеп кетеді, тыныс алу қиындай түседі, өмір сүруге маңызды ағзаларды оттегімен қамтамасыз ету төмендейді, тері беттері қызарады және дақтар пайда болады, зардап шегуші мазасызданады, тамыры жиі соғады. Алғашқы жәрдем. Тыныс алуға ыңғайлы қалыпты қамтамасыз ету, адреналин енгізу, жедел маман көмегін шақырудан тұрады. Басылып қалу синдромы жаппай апаттан - шахталардың опырыла құлауы, жер сілкінісі т.б. нәтижесінде байқалуы мүмкін. Аяқ-қолдың ауыр зат астында ұзақ басылып қалу салдарынан жиі пайда болады. Қол немесе аяқ ұстағанда суық, бозғылт, көк реңді, функция болмайды, аяқ-қол бастарында тамыр сирек соғады немесе соқпайды. Егер де аяқ-қол басылудан босатылмаса, онда зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болуы мүмкін. Басылып қалған кезде өте қатты ауырған жер бірнеше сағаттан кейін әлсірейді. Аяқ-қолды босатқанда (жгут көмегінсіз) жағдай шұғыл нашарлайды, есінен тандырады, еріксіз дефекация болады және несеп жібереді. Алғашқы жәрдем. Аяқ-қолды босату алдында бастырылған жерден жоғары жгутпен таңу. Бастырылудан босатылғаннан кейін, жгутты шешпей, аяқ-қолды бармақтар негізінен жгутқа дейін таңады және содан кейін ғана ақырындап шешеді. Ауыртпайтын құралдар енгізеді. Сүйек зақымданғанда таңғыш қалақпен таңу керек, жарақатта - стерильденген таңғыш қолданады. Буын шығу жарақаты - сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады. Алғашқы жәрдем. Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды. Созылу және буын аралығының созылуы - дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады.