Иіс - газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады. Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет. Үсітіп алу дененің қандайда бір бөлігінде суықтың ұзақ әсер етуінен басталады. Суықтың әсері барлық организмнің жалпы суынуына әкеледі. Үсігенде зақымданған тері бөлігі суық болып тұрады, бозарған - көкшіл түсті болады, сезімталдық болмайды. Жалпы үсігенде зардап шегуші әлсіз, қатынассыз, терісінің беттері бозарған, суық, пульс сирек, дене температурасы 36,5С-ден төмен болады. Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні жылы бөлмеге кіргізіп, аяқ киімін және қолғабын шешу керек. Үсіген аяқ-қолының бастарын құрғақ матамен уқалап, сосын жылы су құйылған (32-34,5 С) легенге салады. Температураны 10 мин. ішінде 40,5 С жеткізеді. Аяқ - қолының бастарында қан айналып, сезгіштігін қалпына келтіру үшін құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен уқалап, асептикалық бау немесе таза таңғышпен тану қажет (таза өтектелген шұлық немесе қолғап кигізуге болады). Жалпы денесі суынғанда зардап шегушіні міндетті түрде жылы орандырып, айналасына грелка жастап, ыстық шай ішкізу керек. Ыстық өту -- сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін. Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады. Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек. Күн өту -- күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады. Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет. Суға кету -- тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек). Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер). Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек. Химиялық заттармен улану. Қышқылмен (80% сірке су ерітіндісі, тұзды, карболды, қымыздық қышқылы) және ащы сілтімен (ойып түсетін өткір сода, нашатырлы спирт) жиі улану болады. Қышқыл немесе сілті организмге түскеннен кейін ауызда, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында қатты ауру пайда болады. Шырышты қабық күйгенде қатты ісік пайда болады, сілекей молырақ бөлінеді, жанға батарлық ауру зардап шегушіні жұтыну мүмкіншілігінен айырады. Тыныс алу кезінде сілекей ауамен бірге тыныс алу жолдарына құйылып, тыныс алуды қиындатып, тұншықтырады. Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің ауызынан дереу сілекей және шырыштыны алып тастау. Ас қасыққа шағын мәрліні, салфетка немесе орамалды орап, ауыз қуыстарын сүрту. Егер де тұншығу белгісі пайда болса, қолдан дем алдыру қажет. Зардап шегушілерде жиі лоқсу, кейде қан аралас болады. Мұндай жағдайларда өз бетімен асқазанды тазалауға болмайды, себебі ол лоқсуды күшейтіп, қышқыл мен сілтіні тыныс алу жолдарына әкеліп түсіруі мүмкін. Зардап шегушіге ішуге 2-3 стақан мұз салынған су беруге болады. Улы сұйықтықты бейтараптандыруға тырысуға болмайды. Басқа химиялық заттармен уланғанда (хлорланған көмірсутегі, анилинді бояуыш және т.б.) дәрігер келгенше зардап шегушіні лоқсытып және тазаландыру қажет, егерде ол есін білсе, асқазанын сумен тазалау керек. Зардап шегуші ессіз қалыпта болса, жастықсыз ішімен жатқызып, басын жанына бұру керек. Тілін жұтқанда, сонымен қатар, ессіз қалыпта сіңірлері тартылып қалғанда, жақтары қарысып, дұрыс тыныс алуға кедергі жасағанда, абайлап басын шалқайтып және төменгі жақты алдыға және жоғары итеріп шығару керек. Электрден жарақаттану - ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.