басқаратын р-n электрон-кемтіктік ауысуы бар немесе металл-шалаөткізгіш түйіспелі
оқшауланған жапқылы металл-диэлектрик-шалаөткізгіш (МДШ) транзисторлар деп бөлінеді.
Резисторлар
• Резистор[1] (ағыл. resіstor, лат. resіsto — қарсыласамын) — электр тізбегінің әртүрлі тармақтарындағы ток күшін, не кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын радиотех. немесе электртех. бұйым. Радиоэлектрондық құрылғылардағы барлық бөлшектердің жартысынан астамы (80%-ға дейін) Резисторлар болады. Резистордың негізгі сипаттамаларына кедергісінің номинал мәні (0,1 Ом-нан 1 ГОм-ға дейін), кедергінің номинал мәннен ауытқу мүмкіндігі (0,25%-дан 20%-ға дейін), макс. сейілу қуаты (Вт-тың жүздік үлесінен бірнеше МВт-қа дейін) жатады. Ток өткізгіш бөлігінің материалына қарай Резисторлар металдық, шалаөткізгіштік, сымдық, таспалық, т.б.; құрылымына қарай тұрақты, айнымалы болады. Айнымалы Резистор кедергісі жылжымалы тетік арқылы, не ток күші мен кернеу арасындағы бейсызықтық тәуелділікке байланысты өзгеруі мүмкін.
Қорытынды
Қазір тек қана ғылыми зерттеулерді емес, сонымен қатар, күнделікті өмірді электрондық аппаратурасыз елестету мүмкін емес. Электроника біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болды. Тұрмыста және өндірісте, ғылыми-зерттеу институттарында және конструкторлық бюрода – барлық жерде біз электроникамен ұшырасамыз. Оның өзі заманауи ЭЕМ мен калькуляторларды, электромагниттік толқындардың қуатты көзін және өте жiңiшке операцияларды орындайтын аппаратураны, телевизорды, аудиотехниканы және радиотелескопты жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Кибернетика сөздігі / Академик В. С. Михалевича редакциялығымен — 2-ші. — Киев, 1989. — (С48). — 50000 таралым. — ISBN 5-88500-008-5.↑ www.yourdictionary.com: жұрнағ -од (ode) (ағыл.)↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.