Реферат Тақырыбы: Жартылай өткізгіш құрылғылар, күшейту каскадтары. Электрондық және иондық құрылғылар


Жартылай өткізгішті және лампалы диодтар



бет4/6
Дата07.12.2022
өлшемі202,45 Kb.
#55576
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Туралиев Нұртілек СӨЖ

Жартылай өткізгішті және лампалы диодтар

Диодтың түрлері және қолданылуы

• 1. Екі электродты электровакуумдық аспап немесе жартылай өткізгіштік диод, токты бір бағытта өткізетін құрал. Радиоаппаратураларда айнымалы токты түзету, модуляцияланған тербелістерді детекторлеу, жиіліктерді өзгерту, электр тізбектерін қайта қосу үшін қолданылады.

• 2. Екі электродты вакуумдық, газразрядты немесе шалаөткізгіш аспап; электр тогы бағытына байланысты өткізгіштігі әр түрлі болады: тура бағыттағы токтар үшін өткізгіштігі жоғары және кері бағыттағы токтар үшін — төмен. Электр және радиоэлектрондық аппараттарда айнымалы токты түзету, детекторлеу, электр тербелістерін түрлендіру, электр тізбектерін ажыратып-қосу үшін қолданылады.

Жартылай өткізгішті диодтардың түрлері

Жартылай өткізгішті диодтар деп бір электрлік өткелі және екі шықпасы бар жартылай өткізгішті аспапты айтады. Электронды – кемтікті ауысуды алу тәсіліне байланысты жартылай өткізгішті диодтар екі түрге: жарық және нүктелік деп бөлінеді.

Түзеткіш диодтар. Айнымалы токты түзетуге тағайындаған жартылай өткізгішті диодты түзеткіш деп атайды. Мұндай диодтар жазық болып табылады.(1-сурет)

ВАС түзеткіш диодтардың негізгі сипаттамасы болып табылады. Кремний жасалған диодтарға рұқсат етілген кері кернеуі 1000 ... 1500В-қа, ал германийден жасалған диодтарға – 100 ... 400 В-қа жетеді. Кремнийлі диодтар – 60 ... +150, ал германийлі диодтар – 60 ... +85 температура кезінде жұмыс істей алады. Төменгі кернеулі түзеткіш құрылғыларда германийлі диодтар қолданылады.

Импульстік диод. Өтпелі үрдістері қысқа болатын және жұмыс кезінде вольт-амперлік сипаттамасының тура және кері тармақтары үшін қолданылатын шала өткізгішті диод.

Зенер диодтары.Жартылай өткізгішті стабилитрон деп электрлік тесілу режимінде жұмыс істейтін кремнийлі диодты айтады және кернеуді тұрақтандыруға арналған. Тағайындалуы – тұрақты кернеуді қамтамасыз ету. 

Аз мәнді кернеулерді (U1B)тұрақтандыру үшін қолданылатын диодтың түрі стабистор деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет