Варикат.Бұл сыйымдылығын электрлік жолмен өзгертіп басқаруға болатын конденсатордың ролін атқаратын диодтардың түрі. Мұнда p-n өткелінің тосқауылдық сыйымдылығының кері кернеуге тәуелділігі пайдаланыл
Варикат.Бұл сыйымдылығын электрлік жолмен өзгертіп басқаруға болатын конденсатордың ролін атқаратын диодтардың түрі. Мұнда p-n өткелінің тосқауылдық сыйымдылығының кері кернеуге тәуелділігі пайдаланылады.
Жарық диод – бұл жартылай өткізгішті аспап бір p-n өтуден тұрады, электр энергиясын жарық сәулелену элементі ретінде қолданылады.
Фотодиод. Кері тогы p-n өтпесінің жарықталынуна байланысты өзгеріп отыратын шала өткізгішті фотодиод деп атайды. Фотодиодавтоматика жүйелері мен басқа техника қондырғыларда, электр қозғаушы күші ретінде жарық ақпаратын электрлікке түрлендіру үшін және фотометрияда, телекескіндерді беру құрылғыларында қолданады.
3-сурет
Транзистор дегеніміз не?
• Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) — электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал. [Электрондық шам] сияқты қызмет атқаратын транзисторлар одан өлшемінің едәуір кішілігімен, электр энергиясын тұтынудағы аса үнемділігімен, механикалық аса беріктігімен және бүлінбей ұзақ жұмыс істейтіндігімен, бірден әсер етуге әзірлігімен ерекшеленеді. Радиолампа орнына қолданылатын жартылай өткізгіш аспаптар (транзисторлар) негізінде жасалған өте кішкентай радиоқабылдағыштарды көбінесе транзисторлар деп дұрыс атамайды; оның дұрыс атауы — транзисторлы қабылдағыш немесе транзистор негізінде жасалған қабылдағыш.
Транзисторлар (жанындағы сызғыш арқылы олардың өлшемдерін білуге болады.)
Түрлері.Транзистор өрістік (униполярлы) және биполярлы деп бөлінеді.
• Өрістік (арналық) транзистор – жұмыстық токтың өзгеруі кіріс сигналы тудыратын, оған перпендикуляр бағытталған электр өрісі әрекетінен болатын транзистор. Өрістік транзисторларда кристалл арқылы өтетін токты тек бір таңбалы заряд тасушы – электрон немесе кемтік тудырады. Заряд тасушыларды басқаруға негізделетін физикалық эффектілерге қарай өрістік транзисторлар шартты түрде 2 топқа: