Жасанды интеллект терминінің алғаш қолданылуы
1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған. Ол компьютерлік бағдарламалаудағы ең алғашқы тілдердің бірі Лисптің негізін салған. Жасанды интеллектінің дамуына қосқан үлесі үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанады.
Өзінің анықтамасын түсіндіру барысында: "Әзірше біз бүтіндей қандай есептеуіш процедураларды интеллектуалды деп айта алатынмызды білмейміз. Сол себепті интеллект сөзін әлемде мақсатқа жету үшін қолдандылатын әдістердің есептеуіш бөлігін ғана түсініп жүрміз".
Сонымен қатар, интеллект тек қана биологиялық феномен деген де көзқарастар бар.
Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алан Тюринг есімді ағылшын математигі немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машина құрастырады.
Алан Тюринг соғыс кезінде Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларына криптоанализ жасайтын ағылшын үкіметінің Hut 8 атауына ие тобына жетекшілік еткен. Ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Тюринг тесті бүгінгі күнге дейін қолданылады.
Жасанды интеллект AI (жасанды интеллект) әдетте адамның ақыл-ой қабілетінің жеке функцияларын қабылдау, мысалы, бұрын алынған тәжірибе және сыртқы әсерлерді ұтымды талдау негізінде оңтайлы шешімдерді таңдау және қабылдау үшін автоматты жүйелердің қасиеті ретінде түсіндіріледі.
Тарихи тұрғыдан жасанды интеллектті модельдеуде үш негізгі бағыт болған.
Бірінші көзқарас аясында зерттеу нысаны – адам миының құрылымы мен механизмдері, ал түпкі мақсат – ойлау құпиясын ашу. Бұл бағыттағы зерттеудің қажетті кезеңдері психофизиологиялық деректерге негізделген модельдер құру, олармен эксперименттер жүргізу, интеллектуалдық әрекеттің механизмдеріне қатысты жаңа гипотезаларды ұсыну, модельдерді жетілдіру және т.б.
Екінші көзқарас жасанды интеллектті зерттеу объектісі ретінде қарастырады. Мұнда компьютердің көмегімен интеллектуалдық әрекетті модельдеу туралы сөз болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстың мақсаты адамнан кем емес интеллектуалды мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін алгоритмдік және бағдарламалық есептеу машиналарын жасау болып табылады.
Ақырында, үшінші тәсіл аралас адам-машина немесе олар айтқандай интерактивті интеллектуалды жүйелерді құруға, табиғи және жасанды интеллект мүмкіндіктерінің симбиозына бағытталған. Бұл зерттеулердегі ең маңызды мәселелер табиғи және жасанды интеллект арасындағы функцияларды оңтайлы бөлу және адам мен машина арасындағы диалогты ұйымдастыру болып табылады.Компьютердің көмегімен шешіле бастаған ең алғашқы интеллектуалды тапсырмалар логикалық ойындар (дойбы, шахмат), теоремаларды дәлелдеу болды.
Жасанды интелект:
• теоремаларды дәлелдеу;
• ойындар;
• кейіпкерлерді тану;
• шешімдер қабылдау;
• бейімделген бағдарламалау;
• мәшинелік музыканы шығару;
• деректерді табиғи тілде өңдеу;
• оқыту желілері (нейрожелілер);
• вербалды концептуалды оқыту сияқты бағыттарда қолданылады.
Жасанды интеллектті дамытудың басты мақсаты – оңтайландыру деп айта аламыз, адам қауіп төнбестен басқа планеталарды қалай зерттеп, асыл металдарды шығара алатынын елестетіп көріңіз.
Осылайша, жасанды интеллектті зерттеу және дамыту бүкіл қоғам үшін маңызды деген қорытынды жасауға болады. Өйткені, бұл жүйені пайдалану арқылы адам өмірін қауіпсіздендіруге және жеңілдетуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ясницкий Л.Н. Жасанды интеллект қолдану мүмкіндіктері туралы [Электрондық ресурс]: ғылыми электронды кітапхана. URL: http://cyberleninka.ru
2.Ястреб Н.А. Жасанды интеллект [Электрондық ресурс]: ғылыми электронды кітапхана. URL: http://cyberleninka.ru
3.Абдулатипова М.А. Жасанды интеллект [Электрондық ресурс]: ғылыми электронды кітапхана. URL: http://cyberleninka.ru
Достарыңызбен бөлісу: |